cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Kommentator_Maulen

@fonbet_kz амбассадоры Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы Жарнама бойынша: +77786243499

Show more
Advertising posts
23 178Subscribers
-4224 hours
-937 days
-55830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Ертең таңертең Таразға ұшуым керек еді, QJ League матчына. Таразға барып, үйге соғып, сосын "Тараз" футбол клубының мәселесін біліп қайтайын деп едім. Барлығы отмена болыпты. Амал жоқ. Ертең Астанадамын. Өзім ашқын Қабанбай 11 адресіндегі "Фанбарға" барып "Қайрат" - "Ақтөбе" ойынын тамашалаймын! Қолы бос адамдар болса немесе көргісі келгендер болса келіңіздер!
Show all...
👍 44 3🔥 3
🔥Jay - Бәйге Эль-Классико! 🇪🇸"Реал Мадрид" - "Барселона"🇪🇸 арасындағы ойынға арналған мега-байқау! 👕👕Ең үздік болжам жасаған үздік 3 қатысушыға сыйлыққа сүйікті клубының "Реал" немесе "Барса" жейдешесі сыйға тартылады ✅Байқау шарттары: 1. 📲 https://t.me/football1nkz арнасына тіркел; 2. Матч жеңімпазын тапқан қатысушы- 1 ұпай; 3. Матчтың дәл есебін тапқан қатысушы - 2 ұпай; 4. Матчтағы сары қағаздарын санын тапқан қатысушы - 2 ұпай 5. Матчтағы қызыл қағаздар санын тапқан қатысушы : 3 ұпай *қызыл қағаз болмаса - 0 ұпай 6. Қызыл қағаз алатын ойыншының есімін тапсаңыз :5 ұпай *қызыл қағаз болмаса - 0 ұпай 7. Ойында гол соғатын ойыншының есімін тапсаңыз 2 ұпай. *бір ғана ойыншының есімін жаза аласыз 8. Бұрыштамалардың жалпы тоталы 9,5 көп немесе аз болатынын тапқан қатысушы:  3 ұпай *көп/аз деп жазасыз 9. Матчтағы алғашқы гол соғылатын минутты дәл тапсаңыз ұпайларыңыз 2 еселенеді. 10. Өзгертілген пікір қабылданбайды, жауаптар 21 сәуір күні 23:59 дейін қабылданады. 🤝Сәттілік серіктеріңіз болсын
Show all...
🤡 7👍 4 1
❌ Начо “Реалдан” кететін болды! Қорғаушының мадридтік ұжымдағы келісімшарты осы жазда аяқталады. Испандық аяқдопшы өз мансабын Ла Лигада аяқтағысы келмейді екен. Начо тек басқа чемпионаттардың клубтарынан түскен ұсынысты қабылдамақшы. Қорғаушы корольдік команданың құрылымында 23 жыл доп тепті.
Show all...
76😢 26👍 9🤡 3
“Барселона” “Камп Ноу” стадионына 2024 жылдың 15 желтоқсанында қайтып оралады. Бастапқы кезде фанаттарға стадионның тек 60% бөлігі ғана қолжетімді болады. Қалған трибуналар уақыт өте қолданысқа беріледі. Каталондық клуб қазіргі сәтте “Олимпико” стадионында өнер көрсетіп жүр.
Show all...
76😍 18🤣 9👍 4
Мбаппе маусым соңында “Реалға” ауысатын болды 🔥 Бұл ақпаратты атақты инсайдер Фабрицио Романоның өзі нақтылап берді. ✅
Show all...
🔥 90🤡 35👍 4❤‍🔥 3 3
Мексикалық “Тигрес” командасының қақпашысы 11 ойынға дейін шеттетілді “Монтеррейге” қарсы ойын алдында жарақат алған қақпашы Науэль Гусман өз командасына дерби кездесуінде көмектесем деп жазаға ілінді. “Тигрестің” жеңіске жеткенін қатты қалаған футболшы вип-орындардан қарсылас қақпашысының көзіне лазерлі шаммен кедергі келтірген. Арнайы тексеріс барысында “Монтеррей” қақпашысының көзіне лазер шамын жаққан фанат емес Гусман екені анықталды. Көзіне шағылысқан жарықтың кесірінен бірқатар гол жіберіп алған “Монтеррей” ойыншысы құйтырқы әрекет жасаған Науэльді матчтан кейін балағаттағаны үшін санкция құрығына ілінді. Ол да жақын аралықта өз жазасын алады. Қос қақпашы қырылғанымен аталған маңызды матчта жеңімпаз анықталмады (3:3). Гуманның әрекетін қалай бағамдаса болады?
Show all...
🔥 33🤣 13👍 11 1
Кейін глор демес үшін қазірден бастап “Жетісайға” жанкүйер болыңыз
Show all...
👍 105🤣 30🤩 6 4😭 1
2014 жылы Бразилиядағы Әлем чемпионатында Мирон Гойхман деген журналистпен таныстым. Бұрын Қазақстанда тұрған екен. Қазір Германияда журналист. Сол айтады да Бернд Леноның әке-шешесі Қазаақстаннан деп. Қазақстан құрамасына қақпаға тұрса болатын еді дейді, алайда өзі ол жайлы көп айта бергісі келмейді. Бұл сөзден қандай қорытынды шығады? Германия футболында қазақ футболына қатысы бар неше түрлі аяқдопшы табуға болады деген сөз!
Show all...
87👏 13😱 10🤡 4
✅ 2025 жылы өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынасатын ұжымдар “МЮ”, “Барселона”, “Ливерпуль” және Милан командалары өз елдерінен қатысатын командалардың орны толығып қойған соң, турнирден шет қалды. Жалпы Әлем чемпионатына қатысуға әр елден екі жолдама беріледі. Мен-мендеген клубтар айқасатын турнирдің жүлде қоры 2,5 млрд еуроны құрайды екен.
Show all...
👍 119 11🔥 4😴 2
Ману Нойер ЧЛ рекордсмені атанды! 🧤 Неміс футболшысы аталған турнирде бас-аяғы 58 құрғақ ойын өткізу арқылы Икер Касильястың рекордын басып озды. Кешегі “Арсеналға” қарсы матчта Нойер өз қақпасын бірнеше сәттерде голдан құтқарды.
Show all...
62👏 12👍 6🤡 1