cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Gnews.kz

Әлеуметтік жаңалықтар

Show more
Advertising posts
3 266Subscribers
-524 hours
-87 days
-6730 days
Posts Archive
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар түсті   "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар). Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды!!! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.           18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына  түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.   Нысаналы талаптар – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің 18 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын балалары алдындағы Ұлттық қорда жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50% есебінен қалыптастырылатын міндеттемелері екенін естеріңізге саламыз. Ол соңғы 18 жылда (есепті жылдың алдындағы) орташаланған кірістілік мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Нысаналы талаптар ретінде ескерілетін қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялануын жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады. Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайда болады. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін аударылады. БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары болып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады. БЖЗҚ-мен келісім жасасқан және "Ұлттық қор - балалар" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардың тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған.   БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды (жинақталатын инвестициялық кірісті қоса алғанда) АҚШ долларымен есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар бойынша ақпарат береді. Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Мұнда сіз, сондай-ақ, бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықпен танысып, өзіңізді қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз. Ата-аналар өз балалары бойынша есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде тексере алады. Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.   Еліміздің жасы, жынысы, өңірлері бөлінісіндегі есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылатын болады.     БЖЗҚ Бағдарламаға қатысушы балалардың толық тізімін жыл сайын "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған ресми мәліметтер негізінде қалыптастыратынын білген маңызды.
Show all...
👍 3 3
Егер бала осы дерекқорға қосылған болса, ол автоматты түрде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы болады және оған бағдарламаға қатысқан барлық жылдар ішінде нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс есептелетініне кепілдік беріледі. Егер бала қандай да бір себептермен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында болмаса және осы себепті бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізілмеген болса (бірақ оның қатысушы болуға құқығы болса), онда нысаналы талаптар келесі күнтізбелік жылы өткізіп алған кезең (өткізіп алған кезеңдер) үшін толық көлемде (инвестициялық кірісті қоса алғанда) есептеледі. Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеруге кеңес береміз: • балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); • жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы; • egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады). Егер балада: • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн; • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.  "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.   Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФ You Tube арнасында   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).     Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Show all...
👍 5 2
"9-20-25" ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Жұрт сарыла күтіп жүрген "9-20-25" бағдарламасын 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жайлы Астанадағы брифингте "Отбасы" банктің басшысы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның сөзінше, бұл жобада жұмыс істеуші жастарға басымдық беріледі. Ал осы арқылы баспаналы болғысы келетіндердің атында соңғы 5 жылда үйі болмауы керек. Бұдан бөлек, бағдарламаға дайын және құрылысы жаңа басталған үйлерді таңдауға мүмкіндік бар. Ал үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Әр үміткердің атында үйі бар-жоғы жіті тексеріледі, дейді банк өкілдері. Бағдарлама көктем айында басталады
Show all...
👍 21 2
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам начисления детям средств из Национального фонда Республики Казахстан, их выплат и использования». Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
Show all...
👍 5 5
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 37,8 млрд теңгені құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: - eGov.kz порталында авторизациялану; - «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; - онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; - бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады; - егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады); Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте төлем тағайындаудың ағымдағы тәртібі сақталды және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ғана қолданылады. Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерінің өсуі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етті, ол автоматты түрде жүргізілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Бұл жұмыссыздарды тіркеу және азаматтардың жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады. Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан алынды
Show all...
👍 8
Жастардың 5,2 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды https://gnews.kz/zhastardy%d2%a3-52-my%d2%a3nan-astam-zhobasyna-zhe%d2%a3ildetilgen-mikrokredit-beriletin-boldy/
Show all...
👍 4🤔 4 2
Елімізде пәтерді ұзақ мерзімге жалдау ақысы арзандады https://gnews.kz/elimizde-p%d3%99terdi-%d2%b1za%d2%9b-merzimge-zhaldau-a%d2%9bysy-arzandady/
Show all...
🤯 1
Кім көп: Әйелдер ме, ерлер ме? https://gnews.kz/kim-k%d3%a9p-%d3%99jelder-me-erler-me/
Show all...
👍 1
Repost from UKIMET
💬ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көрсетілетін көмек туралы айтты 📱 https://t.me/KZgovernment
Show all...
👍 3
Келер жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қор табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді. «Алғашқы аударым 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Одан кейін есептеулер жүргізу үшін бір балаға соманы анықтау қажет болады. Бұл қарапайым арифметика, 18 жылдағы инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Сол арқылы бір балаға берілетін сома анықталады. Және де аударым алдағы жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады. 1 ақпаннан кейін 18-ге толған балалар электронды платформа арқылы ақшаны шешіп алуға өтінш беруге құқылы», - деді вице-министр
Show all...
👍 22👏 7 1
​​🍁ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ КАНИКУЛДА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ 🗓️Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады. 📥Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынуда. 📌Іс-шаралар жоспарына: - жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу; - «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау; - «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу; - Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу; - оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту; - оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу; - «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді. ❕Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.
Show all...
👍 1
Repost from PRESS.KZ
Казахстанцы набрали кредитов на 18 трлн тенге, самих заемщиков - более 8 млн человек. Председатель Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадина Абылкасымова предложила на законодательном уровне ввести ограничение на максимальную сумму на потребительские кредиты. Также она предложила выдавать кредиты гражданам младше 21 года только в том случае, если они подтвердят свои доходы.
Show all...
👍 3
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды. Дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды қайта жазу және өтірік есептен шығару мүмкіндігін жойып, дәрілік заттардың бөлшек саудадағы бағасына, қалдықтарына және жарамдылық мерзімдеріне мониторинг жүргізеді. Толық қадағалау мақсатында әр қорапқа екі өлшемді бірегей Data Matrix коды қолданылады. Нәтижесінде республикадағы дәрілік заттардың толық айналымын өндірілген сәттен бастап қолданысқа дейін онлайн бақылауға мүмкіндік туады. Қадағалау жүйесін 2024 жылдың шілдесінен бастап енгізу жоспарланған. Премьер-Министр платформаның барынша тиімді болуы және ауруханалар, емханалар, ауылдық денсаулық сақтау мекемелері мен дәріханаларда қолдануға ыңғайлы болуы үшін оның барлық функционалдығын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысына балабақшаларға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы таныстырылды. Ол ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Премьер-Министр бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керектігін атап өтті. Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылдың қаңтарына жоспарланған
Show all...
👍 8😁 1
Шотқа доллар түсе бастайды gnews.kz
Show all...
👍 14 2
Проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегі салықтан босатылады Мәжіліс бүгін Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылмақ. Сонымен қатар жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салықтан уақытша (үш жылға) және балаларға Ұлттық қор табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату қарастырылды. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оны бір жылға дейін кейінге қалдыра алады. Ол үшін төлеуге мүмкіндігі болмау себептерін көрсете отырып сотқа талап арыз жазуы қажет. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА) қатысушылары мен басқарушы компанияларына олардың жобаларының құнына қарай салық жеңілдіктерін берудің сараланған тәсілі енгізіледі. Кодексте басқа да түзетулер қарастырылған.
Show all...
👍 9 1
Мәжіліс Сенаттың Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті Балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша түзетулерге депутаттар бастамашы болды. Заң Мемлекет басшысының 2024 жылдың 1 қаңтарынан «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы тапсырмасы негізінде әзірленген. Оның аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларды мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына ұстау ұсынылып отыр. Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте Мәжіліс бұл заңды Сенаттың қарауына жолдаған еді. 13 қазанда ол кері қайтарылды. Қаржы және бюджет комитеті Сенат енгізген түзетулерді қарап, олар редакциялық, нақтылаушы және құқықтық сипатта болғандықтан заңның тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейтінін атап өтті.
Show all...
Мәжіліс Сенаттың Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті Балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша түзетулерге депутаттар бастамашы болды. Заң Мемлекет басшысының 2024 жылдың 1 қаңтарынан «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы тапсырмасы негізінде әзірленген. Оның аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларды мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына ұстау ұсынылып отыр. Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте Мәжіліс бұл заңды Сенаттың қарауына жолдаған еді. 13 қазанда ол кері қайтарылды. Қаржы және бюджет комитеті Сенат енгізген түзетулерді қарап, олар редакциялық, нақтылаушы және құқықтық сипатта болғандықтан заңның тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейтінін атап өтті.
Show all...
👍 6 1
565 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды 18.10.2023 0 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 107,8 мың отбасындағы 565,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің ресми сайты Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Толығырақ gnews.kz
Show all...
6👍 2
3👍 2
35 жасқа дейінгі жастар 1 миллион теңгелік грантқа өтінім бере алады Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas Project» жобасы аясында шағын гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспанның айтуынша, «Zhas project» жобасы жастарға қоғамға пайдалы кез келген идеяларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бағдарлама жас ұрпақты тұрғылықты жерлердегі әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға,шалғайдағы елді мекендерге басымдық беруге бағытталған. gnews.kz
Show all...
👍 5 3
Жұмыссыздарға кәсіп ашуға 8 600 000 теңге беріледі. gnews.kz
Show all...
👍 13
18 жасқа дейінгі балаға 7 миллион жиналады. Толық ақпарат gnews.kz
Show all...
👍 14
МӘМС-те сақтандырылмаған қазақстандықтарға көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін https://gnews.kz/
Show all...
👎 10
🗓МИНПРОСВЕЩЕНИЯ: ОПРЕДЕЛЕНЫ СРОКИ ОБУЧЕНИЯ И КАНИКУЛ КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛЬНИКОВ 🖌Министерством просвещения РК утверждены даты начала, продолжительности и каникулярных периодов 2023 – 2024 учебного года в организациях среднего образования. 🛎В организациях среднего образования 2023-2024 учебный год начался 1 сентября и завершится 25 мая. В первой четверти на обучение отводится 8 недель, осенние каникулы с продолжительностью 7 дней пройдут с 30 октября по 5 ноября включительно. Во второй четверти будет 8 учебных недель, зимние каникулы составят 10 дней, начнутся 29 декабря 2023 года и продлятся до 7 января 2024 года включительно. Третья четверть будет состоять из 10 учебных недель. Весенние каникулы в количестве 11 дней начнутся 21 марта и продлятся до 31 марта 2024 года включительно. 📌Отметим, для обучающихся первых классов в третьей четверти ежегодно предоставляются дополнительные каникулы, продолжительностью 7 дней - с 5 по 11 февраля 2024 года включительно. Продолжительность четвертой четверти составит 8 учебных недель. Также 25 мая будут подведены итоги и учебный год будет завершен.
Show all...
👍 11
Қарттар күніне көмек gnews.kz
Show all...
👍 7
БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат жалған. Толығырақ
Show all...
👍 4
Балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі, ал білім алу үшін шетелдік оқу орнында оқуға мүмкіндік бар. Жинақ және төлем тетігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Әрбір баланың шотына оның туғаннан немесе Қазақстан азаматтығын алған кезден бастап 18 жасқа толғанға дейін бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін бірдей сома аударылады. Қаражат Ұлттық қорда болады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Тек шотта жинақталған қаражатты он сегіз жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға мүмкіндік беріледі. Алайда балалар азаматтықты өзгерткен немесе жоғалтқан кезде бұл құқығынан айырылады. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады. Мәжілісмендер бүгінгі жалпы отырыста Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар заң мақсатты жинақтарды және оларды төлеуді тоқтата тұру, тыйым салу, тәркілеу мүмкіндігін шектеу шараларын, алушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп танылған жағдайда мұрагерлердің оларды алу құқықтарын белгілейді. 🔸 Детям начнут выплачивать средства из Нацфонда На специальные накопительные счета детей до достижения ими 18 лет будут отчислять 50% от ежегодного инвестиционного дохода Национального фонда. На эти средства в будущем они смогут улучшить жилищные условия или получить образование. При этом покупка или улучшение условий жилья допустимы только на территории Казахстана, а оплатить учёбу разрешается и в зарубежном учебном заведении. Механизм накоплений и выплат запускается с 1 января 2024 года. На счёт каждого ребёнка будет зачисляться равная сумма за соответствующий год его участия в программе, начиная с рождения или получения гражданства Казахстана и до достижения 18 лет. До тех пор средства будут находиться в Нацфонде и продолжать инвестироваться Национальным банком РК в финансовые инструменты. Воспользоваться ими можно будет только после наступления совершеннолетия, однако при смене или утрате гражданства дети утрачивают такое право. Выплачиваемые средства будут освобождены от налогообложения. На сегодняшнем пленарном заседании мажилисмены приняли и направили поправки по вопросам выплат детям из Национального фонда в Сенат. Помимо прочего, закон уточняет меры по ограничению возможности приостановления, ареста, конфискации целевых накоплений и их выплат, права наследников на их получение в случае смерти или признании умершим получателя, а также компетенции ответственных госорганов.
Show all...
👍 20👎 1🕊 1
Мәжіліс "Ұлттық қордан балаларға" төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады
Show all...
👍 18
Repost from ORDA
🚘 Льготных автокредитов казахстанцам ждать не стоит Новый министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев рассказал, что деньги выделенные на льготные кредиты казахстанцев для покупки автомобилей будут перенаправлены на покупку автобусов. t.me/orda_kz
Show all...
👍 1
Елімізде екі бірдей әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, 2024 жылдан бастап еңбекке қабылеттілігі мен асыраушысынан айырылғандарға арналған төлем 7 пайзыға артады. Оны жүзеге асыру үшін Еңбек министрлігі арнайы құжат әзірлепті. Айта кетейік, биыл осы екі әлеуметтік төлемнің мөлшері 14 пайызға ұлғайған еді.
Show all...
👍 7
📌Бүгін декларация тапсыру мерзімі аяқталады. @kgdmfrk
Show all...
3
https://t.me/freedomstarqazaqstan Маған дауыс берем десеңіздер, сілтеме арқылы өтсеңіздер болады🫶 Newsmaker - 500K номинациясына ұсыныпты:)
Show all...
👍 26
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 559 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Show all...
🤔 8👍 3🥴 1
​​👩🏻‍🏫220 МЫҢНАН АСТАМ ПЕДАГОГ ЖАЛАҚЫСЫНА 50%- ҒА ДЕЙІН ҚОСЫМША АҚЫ АЛАДЫ 📥Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады. 📊Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар. ✍️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.
Show all...
👍 6 1
Аз қамтылған 100 мыңнан аса отбасының жағдайы түзелді https://gnews.kz/az-%d2%9bamtyl%d2%93an-100-my%d2%a3nan-asa-otbasyny%d2%a3-zha%d2%93dajy-t%d2%afzeldi/
Show all...
Жастардың 4,1 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды ttps://gnews.kz/zhastardy%d2%a3-41-my%d2%a3nan-astam-zhobasyna-zhe%d2%a3ildetilgen-mikrokredit-beriletin-boldy/
Show all...
1
«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты»
Show all...
👍 10
⚡️Президент: «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады»
Show all...
👍 12