cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Gnews.kz

Әлеуметтік жаңалықтар

Show more
Advertising posts
3 308Subscribers
-224 hours
-187 days
-8330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар түсті   "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар). Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды!!! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.           18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына  түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.   Нысаналы талаптар – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің 18 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын балалары алдындағы Ұлттық қорда жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50% есебінен қалыптастырылатын міндеттемелері екенін естеріңізге саламыз. Ол соңғы 18 жылда (есепті жылдың алдындағы) орташаланған кірістілік мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Нысаналы талаптар ретінде ескерілетін қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялануын жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады. Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайда болады. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін аударылады. БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары болып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады. БЖЗҚ-мен келісім жасасқан және "Ұлттық қор - балалар" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардың тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған.   БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды (жинақталатын инвестициялық кірісті қоса алғанда) АҚШ долларымен есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар бойынша ақпарат береді. Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Мұнда сіз, сондай-ақ, бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықпен танысып, өзіңізді қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз. Ата-аналар өз балалары бойынша есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде тексере алады. Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.   Еліміздің жасы, жынысы, өңірлері бөлінісіндегі есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылатын болады.     БЖЗҚ Бағдарламаға қатысушы балалардың толық тізімін жыл сайын "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған ресми мәліметтер негізінде қалыптастыратынын білген маңызды.
Show all...
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар

👍 3 3
Егер бала осы дерекқорға қосылған болса, ол автоматты түрде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы болады және оған бағдарламаға қатысқан барлық жылдар ішінде нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс есептелетініне кепілдік беріледі. Егер бала қандай да бір себептермен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында болмаса және осы себепті бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізілмеген болса (бірақ оның қатысушы болуға құқығы болса), онда нысаналы талаптар келесі күнтізбелік жылы өткізіп алған кезең (өткізіп алған кезеңдер) үшін толық көлемде (инвестициялық кірісті қоса алғанда) есептеледі. Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеруге кеңес береміз: • балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); • жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы; • egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады). Егер балада: • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн; • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.  "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.   Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФ You Tube арнасында   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).     Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Show all...
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар

👍 5 2
"9-20-25" ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Жұрт сарыла күтіп жүрген "9-20-25" бағдарламасын 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жайлы Астанадағы брифингте "Отбасы" банктің басшысы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның сөзінше, бұл жобада жұмыс істеуші жастарға басымдық беріледі. Ал осы арқылы баспаналы болғысы келетіндердің атында соңғы 5 жылда үйі болмауы керек. Бұдан бөлек, бағдарламаға дайын және құрылысы жаңа басталған үйлерді таңдауға мүмкіндік бар. Ал үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Әр үміткердің атында үйі бар-жоғы жіті тексеріледі, дейді банк өкілдері. Бағдарлама көктем айында басталады
Show all...
👍 21 2
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам начисления детям средств из Национального фонда Республики Казахстан, их выплат и использования». Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
Show all...
Aqorda 🇰🇿

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Пресс-служба Президента Республики Казахстан Press Office of the President of Kazakhstan

👍 5 5
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 37,8 млрд теңгені құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: - eGov.kz порталында авторизациялану; - «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; - онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; - бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады; - егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады); Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте төлем тағайындаудың ағымдағы тәртібі сақталды және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ғана қолданылады. Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерінің өсуі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етті, ол автоматты түрде жүргізілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Бұл жұмыссыздарды тіркеу және азаматтардың жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады. Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан алынды
Show all...
👍 8
Жастардың 5,2 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды https://gnews.kz/zhastardy%d2%a3-52-my%d2%a3nan-astam-zhobasyna-zhe%d2%a3ildetilgen-mikrokredit-beriletin-boldy/
Show all...

👍 4🤔 4 2
Елімізде пәтерді ұзақ мерзімге жалдау ақысы арзандады https://gnews.kz/elimizde-p%d3%99terdi-%d2%b1za%d2%9b-merzimge-zhaldau-a%d2%9bysy-arzandady/
Show all...

🤯 1
Кім көп: Әйелдер ме, ерлер ме? https://gnews.kz/kim-k%d3%a9p-%d3%99jelder-me-erler-me/
Show all...
👍 1
Repost from UKIMET
💬ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көрсетілетін көмек туралы айтты 📱 https://t.me/KZgovernment
Show all...
👍 3
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!