cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Jusan Инвестициялары

Онлайн-брокер

Show more
Advertising posts
1 128Subscribers
+1324 hours
+147 days
-1230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

👀S&P 500 КОМПАНИЯЛАРЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАЙДЫ 🇺🇸Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері ақыры өсіп, орташа есеппен 1%-дан қосты. Ал мұнай және алтынның құлдыраудан қолы тимей жатыр. ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: Кешегі өсім геосаяси қауіп пен инфляция және мөлшерлемеле мәселесінің күн тәртібінен түсуінің арқасында жүзеге асты. Bloomberg осы тоқсанда "Керемет жетілік" құрамына кіретін компаниялар құны 40%-ға өседі деген болжам жасады. Олардың қатарында Apple, Microsoft, Alphabet (Google), Amazon, Nvidia, Meta Platforms және Tesla бар. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • Бүгін инвесторлар Tesla-ның бірінші тоқсан нәтижелеріне дайындалып отыр. Болжамға сәйкес компанияның табысы алғашқы 4 жыл ішінде азайып, операциялық кірісі 40%-ға төмендейді деп отыр. • Tesla акциялары қатарынан жеті күн бойы арзандап жатыр. Әзірге білетініміз: компания екі негізгі басшысынан айырылып, әлем бойынша жұмыс күшінің 10%-дан астамын қызметтен шығарып, көлік бағасын төмендетуді жалғастырып жатыр. 🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: Дамыған елдердің өндіріс және сервистік PMI индекстері. #таңғышолу Jusan Invest
Show all...

👍 8👎 1👏 1
💵ДОЛЛАР ТАҒЫ ҚАНША ӨСЕДІ? Соңғы бір жыл ішінде доллар қатты өсіп жатыр. Өйткені, Америкада пайыздық мөлшерлеме әлі біраз уақытқа дейін жоғары деңгейде қалуы мүмкін деген қауесет инвесторларды көбірек валюта сатып алуға итермелейді. Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл "инфляция жақсаруына қатысты ешқандай прогресс көріп тұрғам жоқ" деген сөзінен кейін трейдерлер пайыздық мөлшерлеме төмендейтінінен үмітін үзе бастады. Трейдерлердің ойынша, пайыздық мөлшерлеме енді бір түссе, қыркүйек әлде қарашада түсуі мүмкін. АҚШ экономикасы әлі де қуатты екенін көрсетіп келеді. Бұл өз кезегінде инфляцияны да күшейте беретіні анық. Ақпан айында Америкадағы инфляция 3,2% дейін өссе, наурызда 3,5% дейін көтерілді. Коронавирустан адамдар өзін қорғау үшін вакцинаға қалай таласса, Таяу Шығыстағы шиеленістен қорғану үшін инвесторлар да солай долларды көптеп сатып алып жатыр. Жалпы айтқанда, доллар топ-10 валютаның барлығына кері әсерін тигізіп жатыр. Доллардың өсуінен ең қатты зардап шеккен валюта – Қытай юані. ING Groep NV компаниясының валюталық стратегия бөлімінің басшысы Крис Тернердің болжамынша, доллар өсуін жалғастыра беріп, қазан айындағы максимумына жетеді. Jusan Invest арқылы ақшаны тиімдеу инвестициялауға болады. Jusan Invest
Show all...
👍 11🔥 2😱 1
🇺🇸🇷🇺АҚШ РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІН ТӘРКІЛЕДІ 💰Инвесторлар үшін негативке толы болған өткен апта аяқталып, америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері еңсесін тіктей бастады. Ал мұнай және алтын қымбаттауын тоқтап, құлдырай бастады. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • Инвесторлар инфляцияға қатысты түсініксіз болжамдар және дамыған елдердің орталық банк әрекетіне алаңдап отыр.• Нарық АҚШ-тағы сайлау қарсаңында Қытайға қарсы қысымын күшейткеніне назар аударды. АҚШ президенті Байден Қытайдан импортталатын болат пен алюминийге қатысты баж салығын енгізуге уәде берді. • АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы ByteDance компаниясынан TikTok әлеуметтік желісіндегі үлесінен бас тартуды талап етті.• Сонымен қатар, АҚШ өкілдер палатасы Ресейдің халықаралық активтерін тәркілеуге дауыс беріп, Украина, Израиль және Тайваньға көмекті мақұлдады. ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: Геосаяси шиеленіс аздап басылды: Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс жалғасын таппады. 🟢Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: 📢 АҚШ үй шаруашылығының жеке қаржысы мен тұтынушылар арасындағы көңіл-күй есебі шығады. Бірінші тоқсандағы жалпы ішкі өнім өсімі жайындағы мәліметтер, еңбек нарығы бойынша апталық деректер және ұзақ мерзімді тауарларға деген тапсырыстар туралы есептер де жарияланады. #таңғышолу Jusan Invest
Show all...

👍 11 1🥰 1
💰АЛТЫНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛҒАН ДҰРЫС ПА? #кеңес Таяу шығыстағы шиеленіс күшейген сайын алтынға деген сұраныс артып жатыр. Мысалы, бүгін Израиль Иранның ядролық объектілері орналасқан Исфахан қаласына шабуыл жасады. Оған қоса, АҚШ-тағы базалық мөлшерлеме жоғарылауы мүмкін деген әңгімелер аясында алтын құны қаншалықты өсетіні белгісіз. Бірақ инфляция бойынша күшті деректер мен ФРЖ тарапынан келіп жатқан негатив белгілер маусым айында инфляция түседі дегенге сенімді азайтады. Экономикалық және геосаяси проблемалар алтын бағасына майдай жағады. Өйткені, инвесторлар алтынға сыртқы факторлар онша әсер етпейді деп, оны қауіпсіз актив ретінде сатып алады. Соғыс, табиғи апат секілді оқиғалар уақытында алтынға сұраныс артуының сыры осыда. Жыл басынан бері алтын орташа есеппен 15% өсті. Қазіргі уақытта алтын бағасы 2380 долларды құрайды және тұрақты түрде қымбаттап жатыр. Мысалы, Goldman Sachs сарапшылары алтын бағасы 2700 долларға дейін жетеді деп болжам жасады. Осы сектордың ең жарқын өкілдері ретінде келесі компания акцияларын айтуға болады: 1) Newmont Corp #NEM - 12 айлық потенциалы +17,1% (рейтингі: Сатып алу). 2) Barrick Gold #GOLD - 12 айлық потенциалы +24.0% (рейтингі: Сатып алу). Jusan Invest арқылы алтын секторына инвестиция құйыңыз. 🟢Дисклеймер Бұл бағалы қағаздарды сату әлде сатып алуға қатысты нақты ұсыныс емес. Постта келтірілген мәліметтердің бәрі тек ақпарат беру мақсатында қолданылды. Әр инвестор мәміле жасауға қатысты шешімді өзі қабылдауы тиіс. Jusan Invest
Show all...

👍 5👏 2😁 2 1🤯 1
ИЗРАИЛЬ ИРАННЫҢ ШАБУЫЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ 🇺🇸 Таяу шығыстағы қақтығыс мұхиттың арғы жағына да әсерін тигізіп жатыр. Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,2 және 0,5%-дан жоғалтты. Бұл ретте мұнай және алтын ештеңеге қарамай қымбаттап жатыр. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • Израиль ақыры дрондар мен зымырандар арқылы Иранға қарсы шабуыл жасап, бір апта бұрынғы соққыға жауап берді. • Осыдан кейін Иран қолбасшысы Хахталаб Израильдің ядролық нысандарына шабуыл жасау ықтималын растады.• Кешегі АҚШ статистикасы еңбек нарығының күшін растады. Инвесторлар үшін бұл жақсы жаңалық деуге болмайды. • Сонымен қатар, ФРЖ мүшесі Бостиктің сөздері отқа май құйғандай болды. Ол ФРЖ осы жылы негізгі мөлшерлемені төмендете алмайтын шығар деп отыр. • Netflix-тің тоқсандық тәтижелері нашар шықты. Нәтижесінде NFLX акциялары 4,9%-ға төмендеді. Ешкім сериал көрмей ме? • Moody's капитал қорларын басқаратын бірқатар компаниялардың болжамын "Тұрақты"-дан "Негатив"-ке дейін төмендетті. Бұл қадам қаржы секторы мен экономиканың кейбір сегменттерінің жоғары пайыздық мөлшерлемелерден зардап шеккенін көрсетті. ⚠️Бүгін нарықтың өсуіне себеп факторлар жоқ. ⚡️Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалары: 🔔Британияның бөлшек сауда туралы есебі. #таңғышолу Jusan Invest
Show all...
Jusan Инвестициялары

Онлайн-брокер

👍 6🔥 3🥰 1 3
❓ҚАЗТРАНСОЙЛ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ? #инвестидея ҚазТрансОйл 7 наурыз күні 2023 жылдың қорытындысына арналған қаржы есебін жариялады. Жалпы айтқанда қаржы есебін негатив шықты деп айтуға болады. ҚТО операциялық шығындар көлемі артып, ал капитал шығындар мүлдем қатты өскенін көрсетті. Бұл қаржы есебін көрген біздің сарапшылар компания акциясының фундаментал бағасын 905 теңгеден 600 теңгеге дейін түсірді. Қазіргі фундаментал ықтимал кіріс минус 27,8% (акция бағасы 832,9 теңге деп бағаланған 18.04.2024 ж жағдай бойынша ) құрайды. Дегенмен, ҚТО рейтингісін "Бейтарап" күйінде қалдырдық. Себебі жуық арада компания өзі ұсынатын қызметтер тарифін өсіруі мүмкін. Соған байланысты операциялық кірістер көлемі артып, дивидендтер де көбейеді деген болжам жасалды. Егер тарифтер мен төленетін дивиденд мөлшері артпаса, акция рейтингі "Сату" деңгейіне түсуі мүмкін. Сонымен қатар, ҚТО - тұрақты дивиденд төлейтін компания екенін ұмытпаңыз. Ал дивиденд кірісі 4,68% құрайды. Ал компания акционерлерінің келесі жиыны 23 мамырға бекітілген. 🟢Дисклеймер Бұл бағалы қағаздарды сату әлде сатып алуға қатысты нақты ұсыныс емес. Постта келтірілген мәліметтердің бәрі тек ақпарат беру мақсатында қолданылды. Әр инвестор мәміле жасау бойынша шешімді өзі қабылдауы тиіс. Jusan Invest арқылы өзіңіз қалаған компания акцияларына инвестиция жасаңыз. Jusan Invest
Show all...
👏 10👍 5 1
🇺🇸АҚШ АКЦИЯЛАРЫ ТӨРТ КҮННЕН БЕРІ АРЗАНДАП ЖАТЫР ⬇️S&P500 және NASDAQ индекстері құлдырау трендін жалғастырып, 0,6 және 1,2% түсті. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • Британия және Еуроаймақтағы инфляция жағдайы нашарлады. Осы деректер Англия банкі мен ЕОБ негізгі мөлшерлемені америкалық ФРЖ-ға қарағанда ертерек төмендетуі мүмкін деген әңгімені азайтты. • Осы сенбіде АҚШ Өкілдер палатасында TikTok-қа қатысты заң жобасына дауыс беру өтеді. Джо Байден Америкада TikTok-ты жауып тастауға дайын екенін айтқанымен, екі саяси партияның бірқатар сенаторлары мұндай қатаң шараларға қарсы екенін білдірді. ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: • ФРЖ-ның "Beige Book" кітабы экономиканың тек шамалы ғана өскенін хабарлады. Бірақ инвесторлар бұл жаңалықты көзге ілмей, инфляцияның өсу қауіпіне ғана алаңды. ⚡️Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: 🔔ФРЖ мүшелерінің үндеуі, ФРБ Филадельфия өндіріс статистикасы шығады. #таңғышолу Jusan Invest edited12:15 PM Editing 😐 АҚШ АКЦИЯЛАРЫ ТӨРТ КҮННЕН БЕРІ АРЗАНДАП ЖАТЫР 🇺🇸 S&P500 және NASDAQ индекстері құлдырау тренді... 
Show all...

6🔥 3👍 2
🚘TESLA АКЦИЯЛАРЫ НЕГЕ АРЗАНДАП ЖАТЫР? Tesla өз қызметкерлерінің санын 10%-ға қысқартатынын мәлімдеді. Компания шығындарды азайту және жұмыс тиімділігін арттыру үшін осы қадамға баруға мәжбүр екенін айтты. ➡️Әдетте жұмыс орындарын қысқарту туралы жаңалықтан кейін компания акциялары өседі. Себебі шығындар азайған сайын компанияда артық ақша пайда болады, енді артық ақшаны жұмысшылар жалақысына емес, компанияны дамытуға жұмсайды. Бұл өз кезегінде акциялардың қымбаттауына алып келу ықтималын арттырады. ➡️Бірақ осы жолы инвесторлар "қызметкерлер саны қысқарады" деген жаңалықты көзге де ілмеген секілді. Керісінше, акционерлер қолындағы Tesla қағаздарын сатуға кірісіп кетті. Себебі, соңғы уақытта Tesla көліктеріне деген сұраныс азайып жатыр. ➡️Tesla 2024 жылдың I тоқсанында жариялаған есебіне сәйкес, 2020 жылдан бері алғаш рет көлік шығару көлемі азайғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қытайда BYD және Xiaomi секілді компаниялар да өзінің электрокөліктерімен Масктың компаниясына мықты бәсекелес бола алатынын дәлелдеді. ➡️2024 жылға арналған өсімі алдағы жылдармен салыстырғанда «айтарлықтай төмен» болуы мүмкін екені жайлы да болжам бар. Дегенмен, компания 2024 жылда түсетін пайдаға болжам жасаудан бас тартты. ❌Нәтижесінде Tesla акциялары екі күннен бері негатив динамика көрсетіп, нәтижесінде 2,8%-ға арзандады. 2024 жылы S&P 500 индексі құрамында ең қатты арзандаған акциялар қатарында Tesla екінші орында тұр. Портфеліңізде Tesla акциялары бар ма? Сіз бұл жағдайда сатасыз ба әлде көбірек акциялар алып қалуға тырысыз ба? Комментте пікір білдіріңіз. #TSLA #АҚШакциялары Jusan Invest
Show all...

👍 8 2🔥 1🥰 1
➖АМЕРИКАДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ПРОГРЕСС КӨРІНБЕЙДІ 🇺🇸 Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,2 және 0,1%-дан арзандады. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • Financial Times Израиль Иранның жексенбі күнгі шабуылына жауап әзірлеп жатқанын растады. • АҚШ-тың кешегі өндіріс жайындағы мәліметтері экономика қуаты артып келе жатқанын көрсетті. • ФРЖ басшысы Пауэлл инфляция бойынша прогресс жоқ екенін айтты. ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: • Англия Орталық банкі негізгі мөлшерлемені америкалық ФРЖ-ға қарағанда ертерек төмендетуі мүмкін екені туралы ақпарат шықты. Кеше Еуропа бойынша жаңа статистика жарияланды: Британияның жұмыссыздық деңгейі мен Германияның экономикалық көңіл-күй индексі өсті. Сонымен қатар, Канаданың инфляция туралы есебі негатив шықты. ⚡️Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: 🔔Британия және Еуроаймақтың инфляция туралы есебі шығады және Англия Банкінің басшысы Бейли үндеу жасайды. Бүгінгі күннің басқа маңызды жаңалықтарын осы посттың астына коммент ретінде жариялап отырамыз. #таңғышолу Jusan Invest
Show all...
7👏 3🥰 2👍 1
🛠ИЗРАИЛЬ ИРАНҒА ЖАУАП ҚАЙТАРМАҚШЫ 🇺🇸 Қор нарығы бүгінгі Алматының аспаны секілді түнеріп тұр. Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері негатив динамиканы жалғастырып, 1,2 және 1,8%-ға төмендеді. 😬Нарықтың төмендеуіне себеп факторлар: • АҚШ бөлшек сауда мәліметтері сарапшылар болжағандай сәтті шықпады. Инфлияцияға әсер ететін статистика болғандықтан, мұны инвесторлар үшін жағымсыз ақпарат деуге болады. • Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске байланысты инвесторлар арасында негатив көңіл-күй сақталып отыр. Айта кетсек, Израиль билігі Иранға жауап қайтаратынын айтты! • Tesla өз қызметкерлерінің санын 10% дейін қысқартады. ☺️Нарықтың өсуіне себеп факторлар: • Кеше қаржы секторы нарыққа қолдау көрсетті: Goldman Sachs-тың 1-ші тоқсандағы нәтижелері бәрін таңғалдырып, сәтті шықты. Қытайдың жалпы ішкі өнім өсу көрсеткіштері экономиканың күшейгенін көрсетті. Дегенмен, бөлшек сауда және өндіріс статистикасын әлі де жақсы деуге ауыз бармайды. ⚡️Инвеcторлар үшін бүгінгі ең маңызды оқиғалар: 🔔 ФРЖ басшысы Джером Пауэлл сөз сөйлейді. 🔔АҚШ өндіріс және жылжымайтын мүлік нарығы туралы жаңа деректер шығады. Америка нарығында акция сатып алатындар үшін бұл екеуі өте маңызды оқиға. #таңғышолу Jusan Invest
Show all...

👍 9👏 2 1🥰 1