cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Сөз:

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат. Insta: https://instagram.com/qazsoz_ Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Show more
Advertising posts
1 026Subscribers
-124 hours
-27 days
-1530 days
Posts Archive
Сүйінші! Қазақ тілі Telegram'да ресми тілдер қатарына қосылды. Әзірге iOS пен Android жүйелеріндегі қолданбасында және браузер (web) нұсқасында бар. Telegram'ға қазақ тілін қосу үшін қолданбаның баптауындағы "Тіл" деген тармаққа кіріп, тізімнен "Қазақша" дегенді таңдайсыз. Қазақ тілі Telegram'ға түркі тілдері арасында түрікше мен өзбекшеден кейін үшінші болып қосылды. Бұған дейін Telegram'ның қазақшасы тек сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде таратылған. Telegram'ның негізгі аудармашысы Мұрат Кәрібайға (@translation_kk) және @QazaqGrammar мен @QazaqshaJaz'дағы барлық белсендіге алғыс білдіреміз.
Show all...
Repost from dope söz
Бүгін - Саяси қуғын сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ұмытпаймыз.
Show all...
Өткен аптада осы арнаға кірген адамдардың 27%-да ғана телеграмы қазақша тұр. Телеграмды қазақшаға жылдам ауыстыру: https://t.me/setlanguage/kk-beta #ҚазақшаТелеграмСтатистикасы #ҚазақшаТелеграм
Show all...
#ғылыми 📚 Омарбеков С. - Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктері (1965) @filologiyakitaptari
Show all...
Батыс, атап айтқанда Маңғыстау сөйленісі (автор жазғаны бойынша "говоры") жайлы еңбек
Show all...
Сөз: Сарымақ/Шөнжік зат есім Жолбарыстың күшігі - Тигренок Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым 📖 Бұқар жырау шығармасынан Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға. 📖 Біржан мен Сараның айтысы Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен. 📖 М.Мағауин, Шақан шері Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған. 📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3
Show all...
⚡️⚡️⚡️ Жаңа шығарылым (СУБТИТРЫ) Бүгін тіл туралы, дәлірек айтқанда, Кеңес одағының 1922 жылдың 30 желтоқсанынан 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін, 69 жыл билік құрған аралықта қандай нақты қадамдармен қазақ тілін қоғамнан ығыстырып шығарғанын сөз қыламыз. Жүз жыл бұрын қазақ тілі еліміздің азаматтарының 100% үшін негізгі тіл болса, тоқсаныншы жылдарға қарай көрсеткіштің адам айтса нанғысыз 25-30%-ға төмендеуіне қалай жеттік? Неге қазақтардың басым бөлігіне жаңалықты орыс тілінде оқыған, киноны орыс тілінде көрген және құжаттарын орыс тілінде толтырған жеңіл? Орыстандыру қалай жүзеге асты? Және Сталиннің бұған қандай қатысы бар? Осы шығаралымда русификация тарихын талқылайтын боламыз.
Show all...
Repost from dope söz
Dope Söz x PaperLab бірлескен арнайы шығарылымдарының кезекті қонағы — гуманизм мен әлеуметтік теориялар зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек. Бұл шығарылымда дәстүршілдік, мәдениет теңдігі мен потенциалы, сондай-ақ Ресейдің әлі де отарлаушы ел екені туралы сөйлестік. Сонымен қатар Ғалым кімдіктің (identity) өзгеруі, неліктен барлық мәдениеттерде әмбебап адам құндылықтары бар екені, Ашаршылықтың геноцид болғаны-болмағаны туралы айтып берді. Сілтеме - https://youtu.be/p7cb9XQ20HM
Show all...
Repost from õzen
Darkhan Juzz — жаңа толқынның алғашқы әншілерінің бірі. Ол миллиондаған адамды қазақ музыкасына ғашық етіп, көптеген адам үшін ана тілін үйрене бастауға түрткі болған. Оның өмірі қыршынынан қиылды, бірақ Дархан көп нәрсені түсініп үлгерген азамат еді. Соңғы кездері ол шынымен бақытты өмір сүріп жатқандай болатын. Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әндерінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржының 100% отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын. “Бұл ғажайып әлемнің Өлеңі тоқтамайды”
Show all...
Гуглдың офисіне шолуды уже мың рет көрген шығарсыз, енді мың бірінші рет көре салыңыз. Бұл жолы қазақша https://www.youtube.com/watch?v=mCv7eTXDB0g
Show all...
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні. Ана тіліміз - қазақ тілі дами берсін! 📚📚📚
Show all...
⁉️ Тақау vs таяу ⁉️ Тақау - бірнәрсеге істеледі - үстелді бұрышқа тақа Таяу - адам на субъект өзі істейді: үстелге таяп барып, оны итеріп бұрышқа тақап тастады
Show all...
Repost from dope söz
Назгүл Қожабек: Латын әліпбиі, кірме сөздер, калькасыз қазақ тілі Dope Söz x PaperLab бірлескен арнайы шығарылымдарының кезекті қонағы Steppe & World баспа үйінің бас редакторы, филолог Назгүл Қожабек. Бұл шығарылымда тіл мен деколонизацияның байланысы, латын әліпбиі, кірме сөздер және “тіл тазалығы” туралы сөйлестік. Сілтеме - https://youtu.be/t9ua6TEUAfw
Show all...
Repost from zhapisheva
Ануар Дүйсенбиновтің “Рухани Кенгуру” кітабынан жиналған ақшаның басым бөлігі (автордың азғантай гонорарын қоспағанда) жаңа кітап шығаруға жұмсалады деп шешкенбіз. Қазақша жазатын жас жаңа авторларды іздегем — таба алмадым. Елудей автор жіберді, бәрі орысша. XXI ғасырда modern, bold тілмен проза жазатын, біздің өміріміздің айнасы болатын ешкім жоқ па сонда? Сенбеймін. Мен білмейтіндер көп шығар, бірақ қайда? Жазыңдар, күтеміз: https://instagram.com/musapublishing
Show all...
Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздер Бұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған. Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.
Show all...
Сіздермен мына тамаша жаңалықпен бөліскім келуде! Мен үшін осы жылдың - ең ТОП жаңалық! Енді Үздік Білім жай ғана ютуб/телеграм арна ғана болмай, ресми халықаралық деңгейдегі курстарды өткізе алатын, және халықаралық сертификаттарды ұсына алатын білім орталығына айналуда. ☺️ Мәселен сондай халықаралық ұйымдардың бірі - Python Institute мен Cisco Academy курстары мен сертификаттары))) Бір сөзбен айтқанда енді мен әлем таныған курстарды өткізіп, кейін сертификат алу үшін ресми емтихандарды да жүргізе аламын. https://openedg.org/
Show all...
Сөз: Лазым (ләзім) модаль сөз Жөн, дұрыс, абзал. - Лучше, вернее, необходимо. Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең, Өмірде көрген жақсылық, Ұйықтап өткен түспен тең, Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың, Ләзім болған іспен тең. 📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы Әуелден көңілімді бердім саған, Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ, Жігітке лазым еді іздеп бармақ. 📖 Ақан сері өлеңінен Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым. 📖 М.Шоқай шығармасынан Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім. 📖 О.Бөкей, Үркер Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3; Дереккөз 4;
Show all...
Мына жерде дуолингвоны қолданып көрмеген оқырман кемде-кем шығар. Сол жасыл үкінің күнде алқымнан алып 10 минут болса да жаттығу жаса деп шыға келетіні кейде шаршатып жібереді. Ойбай, пәленбай күндік streak күйіп кетеді деген қысымы тағы бар. Сондықтан көп адам дуолинвоны тастап кетеді. Әйтпесе, үкінің кәдімгідей тұтқыны болып қалғандайсың. Streak арқылы мотивация бергеннен гөрі commit арқылы мотивация беру әлдеқайда сауатты шешім сияқты. Арасында бір екі күн жасамай қалсаң ешнәрсе қылмайды, маңыздысы мүлдем тастап кетпесең болды. Осындай принцип ұстанған Commit деген жақсы апп шығыпты. Күнделікті жақсы әдетті гитхабтағы жасыл шаршылар сияқты белгімен көрсетеді. Әдеттеріңді күнделікті орындап жүрсең, ай соңында еңбегіңнің әп-әдемі визуализациясы шығады. Общым өздеріңіз сілтемені ашып көріңіздер. Маған ұнады Авторлары өзіміздің жігіттер, product hunt сайтында қолдап апвоут жасап жіберейік. https://www.producthunt.com/posts/commit-habits-consistency
Show all...
Repost from Sayasat Nurbek
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ Бүгін М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Жоғары соттың ұйымдастыруымен осы тақырыпта үлкен конференция өтті. Басқосуда тіл саясаты мәселесіне ерекше ықылас білдіріп, тілге жанашырлық танытқан әріптестеріме алғысымды білдіремін. Конференцияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданатынына сенімдімін! Біздің министрлік тіл саясаты саласындағы уәкілетті орган болғандықтан жиында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталдым.   ☑️ Үкімет жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды.  ☑️ Тіл саясатын іске асырудың 2023 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді қолға аламыз. ☑️ 2016 жылы терминдердің бірыңғай электрондық базасы – termincom.kz сайты іске қосылды. Қазір ондағы терминдердің саны 379 465. Соның ішінде 1971 жылдан бері бекітілген терминдер саны  32 670 бірлік.  ☑️ Мемлекеттік терминологиялық комиссия Әділет министрлігімен бірлесіп құқық қорғау саласындағы терминдерге сараптама жүргізеді.  ☑️ Құқық қорғау органдарындағы терминдер саны жыл сайын артып келеді.  ☑️ Жыл соңына дейін заң шығару, денсаулық сақтау, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология және геология салалары бойынша 4050 терминді бекіту жоспарлануда. ☑️ Еліміздің жоғары білім беру жүйесінде бірнеше жоғары оқу орындарында білікті заңгерлер мен құқықтану саласының мамандарын даярлау жұмысы жүргізілуде.   ☑️ 2017 жылдан бастап мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 12 IT жоба қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» базасы, латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы, тіл саласына қатысты ақпараттар орналастарылған Tilalemi.kz» сайттары көпшілікке қолжетімді.  ☑️ Сонымен қатар елімізде мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық «Қазтест» жүйесі жұмыс істеп тұр.            Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» - деп атап өтіп, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді.   Біз де өз тарапымыздан аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын боламыз.
Show all...
Көп атала бермейтін гүлдер атауы Осы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).
Show all...
#сөздік 📚 Өтемісова Гүлмира - Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар лұғаты (2012) @filologiyakitaptari
Show all...
Киноцид Бүгін Алматы кинотетрларында "Аватар: Су жолы" фильмінің жалпы 400-ге жуық сеансы бар, оның ішінде тек 32 сеанс қазақ тілінде көрсетіледі 😵 🔔жаңа сөздерді өткізіп алмау үшін арна мәлімдемесін қосып қойыңыз @janasozdik
Show all...
Қазақша дубляждың қаралымын қалай көтереміз? 15 желтоқсан кинотеатрға “Аватар: Су жолы” (ұзын тұра көк адамдар туралы) фильмінің қазақша дубляжы шығады. Қазақ көрермені осы премьераны пайдаланып, дубляж нарығына ықпал ете аламыз. Яғни мәселе мынандай: қазақша дубляжға көп жағдайда адам аз барады екен-міс. Кинотеатр — жекеменшік кәсіп болғандықтан, сеанстарының уақытын сұранысқа қарай қояды. Мәселені қалай шешеміз: Аватардағы На’Ви халқы айтпақшы, жатқан тастың астына су бармайды. Сондықтан көрсетілімнің қазақша нұсқасына барынша көбіміз баруымыз керек. Қазақшаға сұраныс көп болса, сыйласқанның суын іш деп, кинотеатр да бәрін көрерменге қарай ыңғайластырады. Кинопрокатта бірінші апта аса маңызды, оның нәтижесіне қарап, екінші аптаның кестесін жасайды. Бірінші аптада бәріміз — отбасы, бала-шаға, көрші-қолаң, ауыл-аймақ боп “Аватар” фильмінің қазақша сеанстарына тойға барғандай жаппай ағылып барайық! Атам На’Ви айтпақшы: судың да сұрауы бар, сондықтан бүкіл кинотеатрға алдын ала телефон шалып, На’Ви тәрізді бәрін ана тілімізде сұрап, қазақша дубляжы нешеде, қай залда екенін анықтап, жоқ болса қосуын талап етіп, тыным бермей дабылдатайық (тек агрессиясыз). Әйтпесе, қазақ дубляжы суға кеткендей тал қармайды. На’Видің көк иық ақындары айтып кеткендей: “су сағасы — бұлақ, сөз сағасы — құлақ”, яғни осы үндеуімізді барлық танысыңызға, досыңызға, көршіңізге жеткізіңіз. Кинотеатрларды көгертіп жіберейік! @QazaqGrammar
Show all...
Тіл туралы заңның 21-бабы. Әрдайым кез келген мекемеде қазақша ақпарат сұра. Қазақша мәзір сұра. Қазақша нұсқағыш. Қазақша баға көрсеткіш. Қазақша прейскурант сұра. #заң @QazaqshaJaz
Show all...
Достар! Бүгін - ерекше тербеу. Кеттік! Spotify сервисінен интерфейсін қазақшалауды сұрайық. Төмендегі сілтемеге өтіп, “Vote” деген батырманы бассаңыз күшті болар еді. Ескерту: сервиске тіркелген болуыңыз керек. Spotify сервисіне тіркелген, соны пайдаланатын таныстарыңызға сілтемені жіберіңіздер. Сілтеме: https://community.spotify.com/t5/Idea-Submissions/Android-iOS-Desktop-Web-Player-Other-Add-Kazakh-language-pack/idi-p/5469875 Кеттік. Барлық сервистің қазақшасы болғанын сұрап жүрейік. Көп болсақ, нәтижеге жетеміз ✊
Show all...
https://www.youtube.com/watch?v=RkDZYvGg3PI Ақжолтай деген програмис досым веб бағдарламалау бойынша курсын бастапты. Толығымен қазақша (!) Ютубтағы арнасына жазылып қойыңыздар, жаңа видео шыққанда өткізіп алмайтындай. Фронт-энд деген сөзді естіп, немене деп жүрсеңіз, түсінуге уақыт келді :)
Show all...