cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

018.KZ — ABAI AQPARAT

018.KZ — ABAI AQPARAT - Абай облысының басты ақпарат алаңы https://018.kz/ instagram.com/abaiaqparatkz https://www.facebook.com/groups/abaiaqparatkz

Show more
Advertising posts
3 707Subscribers
-524 hours
-177 days
-4530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🚜 Жаңасемей ауданының егістік алқабы 14 700 гектарды құрайды Дала жұмыстарына 51 шаруашылық субъекті қатысады. Сонымен қатар жеке аулаларда ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Аталған алқапта 1 567 га дәнді дақыл, 1 049 га картоп, 471 га көкөніс және бақша, 5 142 га майлы дақыл өсіріледі. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
1👏 1🙏 1
⚡️Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залалды өтеу туралы ➖ ⚡️Заместитель акима области Димитрий Гариков о возмещении ущерба пострадавшим в результате паводков жителям 🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі Facebook | Instagram | gov.kz
Show all...
⚡️Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
2🙏 1🕊 1
⚡️Семей қаласында биыл 100 аялдама павильоны орнатылады t.me/abaiaqparatkz
Show all...
👍 4 2❤‍🔥 1👏 1
🏟️Семейде заманауи спорт кешені салынады «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады. Бүгінде тиісті жұмыстар басталып үлгерді. Аяқталатын уақыты – 2026 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
👍 5 1👏 1
🗣Семей қаласының шетелдік студенттері "Таза Қазақстан" акциясын қолдады Үндістан мен Пәкістаннан келген "Семей" медицина университетінің студенттері Қазақстанның қоғамдық өмірінен шет қалмай, белсене қатысып, қаламызды тазарту жұмыстарына атсалысуды жөн көрді. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша студенттер тазалаудан кейін бірнеше крикет матчтарын өткізді. "Семей" медицина университетінің ректоры Алтай Дүйсіпов атап өткендей, ЖОО-ның шетелдік студенттерін 25 жылдай қабылдап келеді. Осы жылдар ішінде мыңдаған шетелдіктер осы жерде білім алды.
- Бүгін "Семей" медицина университетінің шетелдік студенттері "Таза Қазақстан" акциясын қолдап, Бейбітшілік аралының аумағын жинауға шешім қабылдады. Студенттер бірден екі тапсырманы орындайды деп айта аламыз: қоқыстарды тазалайды және өздерінің сүйікті крикет ойыны үшін алаңды дайындайды. Жалпы, шетелдік студенттердің біздің университетке келгендеріне 25 жылдан асты және олардың көпшілігі үшін біздің оқу орын ыстық деп атап өткім келеді, - деді Алтай Дүйсіпов.
"Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенті Махендра Хатри "Таза Қазақстан" акциясын қолдау - Қазақстан халқымен ынтымақтасу қимылы екенін атап өтті.
— Біз-шетелдік студенттер-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін және оның "Таза Қазақстан" акциясын өткізу бастамасын қолдайтынымызды атап өткім келеді. Қазір бәріміз бірге аралда территорияны жинай бастадық, бұл жерде біз оқудан тыс уақытта жиі боламыз. Осымен біз Қазақстан халқымен ынтымақтастықты көрсеткіміз келеді. Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Мори де осындай бастама көтерді, сондықтан біз үшін бұл Қазақстанға көмектесуге қосымша ынталандыру, - деп бөлісті студент.
"Семей" медицина университетінің 4 курс студенті Рупендра Раджпурохит те шетелдік студенттер Қазақстан азаматтары сияқты игіліктерді пайдаланатынын, сондықтан қала аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтауды өздерінің парызы деп санайтынын айтты.
Show all...
3🔥 2😁 1
Абай облысында «Семей орманы – жасыл аймақ» акциясы өтті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы Бородулиха ауданында басталды. Ауданның «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар, студенттік ұйымдар, еңбек ұйымдары, Семей қаласы мен Бородулиха ауданының мекемелерінен 1 000 -нан аса адам қатысты. «Бүгін тұтас ел көлемінде кең қолдауға ие болған «Таза Қазақстан» - экологиялық акциясы шеңберінде, облысымызда ерекше маңызы бар шара өтуде. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асқан бұл акцияның арқасында Отанымыздың әр облысы, қаласы мен ауылы абаттанып, көшеттер отырғызылып, өңіріміз жаңа кейіпке еніп келеді. Бұл «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген игі дәстүрдің жалғасы», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. Бұл науқанның негізгі мақсаты – көшет отырғызу арқылы экологиямызды жақсартып, қарағайлы орманымызды жедел қалпына келтіру. Акция барысында Воскресеновка ауылының маңындағы орман алқабындағы 5 га аумақта 23 мыңнан астам қарағай көшеті отырғызылды. Жалпы «Семей орманы» резерватында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері 50 мыңнан астам көшет егілген. Айта кетейік, Бородулиха ауданының аумағы 698 992 га жерді алып жатыр, оның ішінде орманды алқап – 87 773 га болса, су айдындары – 14 301 га. Биыл аудан көлемінде 7 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Ағаш отырғызу акциялары тұрақты түрде өткізілетін болады. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
👍 1 1
⚡️Бесқарағай ауданында «Жасыл аймақ» апталығы басталды Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Бесқарағай ауданында челлендж өтті. Челенджде аудан басшылығының өкілдері, белгілі спортшылар, жастар, депутаттар, жергілікті тұрғындар қасысты. Іс-шара барысында жаңадан салынып жатқан Орталық саябақта 6 түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
1
🗣Мұхтар Әуезовтің туған жерінде сенбілік өтті Мемкелекет көлемінде өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Абай ауданы халқы да белсенді қатысуда. Аудан көлемінде тазалық жұмыстары, абаттандыру, көркейту шаралары қатар жүргізілуде. Киелі мекеніміздегі тарихи-мәдени орындар, ескерткіштер мен кесенелер аумағы тазартылып, абаттандырылды. 22 сәуірде Қарауыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды асфальттау және жарықтандыру жұмыстары басталды. Қарауыл ауылында Мамай көшесі мен Тоқтамыс көшесін асфальттау жұмыстары басталды. Бұл жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Тоқтамыс көшесінде 73 жарық шамын орнатуды көздеп отырмыз, мамыр айының соңына дейін жұмыстар аяқталады. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің туған жеріндегі «Бөрілі» мұражайының аумағында да сенбілік өтті. Қасқабұлақ ауылдық округінің тұрғындары, белсенді жастар мен мұражай қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды әктеді. t.me/abaiaqparatkz
Show all...
🔥 1
🗣Курчатов қаласында «Жасыл аймақ» апталығына белсене қатысты Курчатов қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы өтті. Жастар ресурстық орталығының директоры Айжан Мұсатаева «Жасыл аймақ» апталығының бірінші күнінде жастар мен мекемелер ұжымдары ғана емес, зейнет жасындағы ардагерлер де сенбілікке келгенін айтты. ✅Курчатовтықтар көшелерді, скверлерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру барысында ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді. 42 ұйым мен кәсіпорын өкілдері техниканың күшімен қаланы 40 тонна қоқыстан тазартты. Акция басталғалы табиғат жанашырлары тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазартты. Бір күнде 1000-нан астам белсенді тұрғындар Курчатов қаласын тазалауға қатысты.
Show all...
👏 1