cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

31 NEWS

📱Әлеуметтік желідегі біздің ресми парақшалар: 🔴YouTube- https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA 🔴Instagram- https://www.instagram.com/informburo31/ 🔴Facebook- https://www.facebook.com/informburo31 🔴Tik Tok- https://www.tiktok

Show more
Advertising posts
716Subscribers
+124 hours
-17 days
-1130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Халық қарсы: шыққанына 15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ Елімізде такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ, таксишілер машинасына арнайы белгі қоюуы керек. Және жүргізуші картасы болуы шарт. Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы.
Show all...
👍 1👎 1👏 1
Жағдай қиын: Жайық өзеніндегі су деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін Батыс Қазақстан облысында тасқынға байланысты ахуал күн сайын қиындап барады. Қазір құтқарушылар қауіп төнген аумақтардан тұрғындар мен қорадағы малды әлі де көшіріп жатыр. Себебі, мамандар алдағы күндері Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп, тоғыз жарым метрге дейін жетуі мүмкін деп отыр.
Show all...
😢 2👍 1🤯 1
Жамбыл облысында 7 сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды Жамбыл облысында жетінші сыныптың қызын жүкті еткен депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды. Бір жыл бүркемеленіп, былтыр қозғалған істе бұдан бөлек 13 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда, анасына айтпай аборт жасатып, еш жерге тіркемей гинеколог жалдаған мектеп басшылары жазадан оңай құтылды. Ал анасы сот үкімін бізден естіп аң-таң.
Show all...
👍 3
Сұлу қызды көлігіне басып, алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды Шымкентте қыз алып қашқан жігітке сот үкімі шықты. Желіде танысқан аруды көлікке басып алып қашқан маңғыстаулық азамат 4 жыл шартты жазаға кесілді. Судья айыпталушының сотталмағанын және жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, осындай шешім шығарыпты.
Show all...
🤔 1👏 1
Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге жіберді Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады. Болат Өтемұратов атындағы қор көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін хабарлады. Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады. "Мен су тасқыны аймағында орналасқан аймақтардағы төтенше жағдайды қадағалап отырмын. Халыққа шұғыл көмек қажет және біз оны бар күшімізбен және қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Қиындыққа тап болған мыңдаған отандастарымыздың қауіпсіздігі мен ертеңіне деген сенімінің кепілі болып саналатын президентіміз алдыңғы қатарда және оның шешімдерін біз әрқашан қолдайтын боламыз", – деді Болат Өтемұратов.
Show all...
👍 1👏 1🤔 1
«Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлған студент 11 миллион теңге айыппұл арқаламақ Қызғалдақтың құны. Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қушағына толтырған студент 11 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін. Сирек кездесетін гүлді жұлғаны үшін 22 жастағы қызға әкімшілік жаза тағайындалады. Оның көлемін сот шешеді.
Show all...
😱 1
Ұзату тойына барған 200 жуық адам уланып қалды Павлодар облысында тойға барған 200-ге жуық адам уланып қалды. Жүректері айнып, лоқсыған тұрғындар жаппай медициналық көмекке жүгініпті. Қазір 28 адам ауруханада жатыр. Қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.
Show all...
😱 1
Құлсарыдағы тасқын: су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр Атырауда тасқын қаупі әлі де сейілген жоқ. Тек Құлсарының өзінде су астында қалған үйлердің саны үш мыңға жуықтаған. Қаланың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір құтқарушылар, әскерилер мен жергілікті жұрт қапқа құм толтырып, қорғаныс бекеттерін жасап жанталасуда. Өкініштісі су басқан баспанасын көремін деп кеткен екі адам әлі табылған жоқ. Әкесі мен баласын туыстары, төтеншеліктер екі тәуліктен бері іздеп жатыр. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. .
Show all...
😢 2
📢Сағат 13:00-де Су тасқынына байланысты “Информбюроның” арнайы шығарылымын көріңіздер. 📲Онлайн эфир: https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA
Show all...
👍 1
Қайғылы жағдай! Су тасқынымен күреске жұмылдырылған құтқарушы көз жұмды Түркістан облысынан Тайынша ауданына көмекке келген Бекжан Балдановтың жүрек талмасы ұстаған екен. Ақ халаттылар 45 жастағы маманды аман алып қала алмады.
Show all...
😢 1