cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Азаттық таңы

Әр қазағым жалғызым демекші 💪 Ұлттық патриоттық алаң 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Біз оппозициялық арна емеспіз. Ерекшелігіміз - өзгеше қазақи көзқарас Кері байланыс, жаңалықты ұсыну немесе жарнама жариялау бойынша @AzattygBot арқылы іске асыруға болады.

Show more
Advertising posts
2 769Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Астанада Әл-Фараби даңғылы сол жағалауға көшірілді Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Әл-Фараби даңғылының атауын көшіру мәселесі қаралды. "Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан №38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан", - делінген хабарламада. Қаланың болашақ жоспарына сәйкес бұл көше Есіл өзенінен басталып, жалпы ұзындығы 7 шақырымнан асатын Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын үлкен даңғылдардың бірі болады. Қаланың ономастикалық комиссиясының отырысында қаралған ұсыныстар қарау үшін Астана мәслихатының тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына, Астана қоғамдық кеңесінің қарауына жіберіледі. @azattygtany
Show all...
Сот орындаушылар 1 миллиард теңгеден аса қаржы жымқырған - Бас прокуратура Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады. Прокуратура органдары жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының (ЖСО) 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшалай қаражатты уақтылы және толық аударуына тексеру жүргізген. Ресми деректер бойынша, ол бұл қаражатты Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін ЖСО 10 миллион теңге ұстап қалған. Бас прокуратура мәліметінше, қарағандылық 7 ЖСО борышкерлердің 110 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ақша қаражатын ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша соталды 16 тергеу басталғаны айтылды. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша 7 ЖСО лицензиясы алынған, 2 лицензия тоқтатылып, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Фото: Tengrinews.kz @azattygtany
Show all...
БҚО-да дәрігерлердің салғырттығынан шала туған нәрестенің қолы кесілді Астанада оралдық шала туылған нәрестенің оң қолы кесілді. Ата-анасының айтуынша, бәрі Оралдағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығы медицина қызметкерлерінің салғырттығынан болған. 25 тамызда Әжғалиевтер отбасында салмағы 660 грамм, бойы 30 сантиметр болатын шала туған нәресте дүниеге келген. Ол салмақ жинау үшін облыстық аурухананың перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінде кувезге жатқызылады. Ата-анасы сәбиінің есімін Рамазан деп қойған. "15 қыркүйекте әйелім әдеттегідей баланы тамақтандыру үшін жансақтау бөліміне барады. Ол Рамазанның катетер тұрған оң қолының ерекше суық екенін және қарайып тұрғанын байқап бірден медбикеге жүгінген", - дейді баланың әкесі Бақтыбай Әжғалиев. Рамазанның ата-анасы перинаталдық орталық қызметкерлері кататерді дұрыс қоймағандықтан баласы мүгедек болды деп санайды. Сараптама қорытындысы Орал қаласының прокуратурасына жолданған. Ал денсаулық сақтау басқармасы перинаталдық орталық әкімшілігіне "экономикалық шара" қолдануды ұсынған. Алайда әлі күнге дейін медицина мекемесінің бірде-бір қызметкері жұмыстан босатылмаған. @azattygtany
Show all...
Қазақстанда коронавирустың "Цербер" штамы анықталды Қазақстанда коронавирустың өте жұқпалы "Цербер" штамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Республикада қарашада қазанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өскен (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін). Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, COVID-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді. Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді. @azattygtany
Show all...
Кінәлі адамдар жауапқа тартылады - премьер-министр Екібастұздағы ТЖ туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат болған Екібастұз қаласына барды. Қалалық ЖЭО-дағы ахуалмен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің м.а. Ә.Сқақов пен "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры м.а. В.Лесиннің баяндамаларымен танысқан Премьер-министр төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап арнайы жедел штаб құрылғанын және апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті мамандар тартылғанын атап өтті. "Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз", - деді Әлихан Смайылов. "ЖЭО немесе жылу желілерінде оқыс жағдайлар орын алған Өскемен, Рудный, Риддер және басқа қалалардың тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселелері де бақылауда", - деді Әлихан Смайылов. @azattygtany
Show all...
Қарағанды облысында көлік суға батып кетті: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты Қарағанды облысындағы Нұра өзеніндегі жағдайға байланысты тың мәлімет шықты. Бұған дейін қақаған аязда Нұра өзенінің үстімен өтпек болғанда мұз шытынап, көлік суға кеткен болатын. Сол кезде көлікте отырған Оразалы Асылханов есімді адам бірнеше адамды судан шығарып, аман алып қалған еді. Алайда адамдарды құтқарған жалғыз Оразалы емес болып шықты. Жолаушыларды аман алып қалған екінші адам - 40 жастағы Думан Кәкенов екен. Думан Кәкенов сол күні өзенге жақын көпірде болған және қызыл Mercedes-тің суға батып бара жатқанын өз көзімен көрген. Думан ойланбастан зардап шеккен жолаушыларға көмектескен. Ол Оразалы Асылхановқа көмектесіп, артынша суға батып бара жатқан әйел мен балаларды алып шығуға көмектескен. Бұл жайт елеусіз қалмады. 30 қарашада Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мұндай ерлік елеусіз қалмауы керегін айтып, сыйақы тағайындайтынын және Оразалы Асылхановты жұмысқа орналастырып беруге уәде етті. @azattygtany
Show all...
Интернеттің өшуіне заңсыз митиңнің қатысы жоқ - ІІМ өкіл Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингке қатысты пікір білдірді. 26 қарашада Астанада 300-дей адам шеруге шықты. Сол кезде қалада стационарлық және мобильді интернет бірер сағатқа істемей қалған. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, қалада интернеттің өшуіне митиңнің ешқандай қатысы жоқ. Полиция бейбіт митиң өткізбек болғандардың арасынан 18 адамды ұстаған. Астана қаласының ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкер Марат Әбиевті әкімдіктің рұқсатынсыз митинг ұйымдастырғаны үшін 15 күнге қамады. @azattygtany
Show all...
Астанадағы газ құбырының зақымдануы: қалпына келтіру жұмыстары аяқталды "Көктал-1" тұрғын алабының барлық абонентіне газ беру толық қалпына келтірілді. Әкімдік мәліметінше, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаған. Барлық үш газ реттегіш пункттер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еске салайық, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылғаны хабарланған болатын. Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырған. Фото: gov.kz @azattygtany
Show all...
Алматыда жүргізушілер автобус апаты болған қиылыстағы бағдаршамға шағымданды Алматыда көлік жүргізушілері автобус апаты болған жол қиылысындағы бағдаршамға шағымданды. Әңгіме Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысы туралы болып отыр. Дәл осы жерде биыл 8 қарашада екі жолаушылар көлігі соқтығысқан. Оқиға куәгерлері сол күні бағдаршам дұрыс жұмыс істемегенін айтады. Атап айтқанда, оңтүстік бағытта Абылай хан бойындағы жасыл шам соңғы алты, кейде тоғыз секундта жыпылықтай бастағаны айтылды. Жалпы басқа қиылыстарда бағдаршам жарығы соңғы үш секундта немесе толық есеп аяқталғаннан кейін сигнал береді. Апат болғанына 20 күн өтсе де жол қиылысындағы жағдай өзгермеген. Жүргізушілердің айтуынша, бағдаршамда есеп бойынша ақаулар әлі де бар. Осыған байланысты кейбір жүргізушілер жылдамдықты дер кезінде бәсеңдетуге үлгермей, төтенше жағдайдың жоғары қаупін тудырады. @azattygtany
Show all...
"Үштік газ одағы". Тоқаевтың баспасөз хатшысы Путинмен келіссөздің мән-жайын айтты Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде "үштік газ одағын" құру мәселесін талқылағанын айтты. Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жазды. "Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн", - деп жазды Желдібай Facebook-парақшасында. Фото: Ақорда @azattygtany
Show all...