cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Show more
Advertising posts
55 214Subscribers
-9824 hours
-5827 days
+1 94630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🏡«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай? – Алғашқы жарна — 20%-дан бастап. – Мөлшерлеме: аз қамтылған отбасылар үшін 7%, қалғандары үшін 9%. – Несие мерзімі 19 жыл. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады.
Show all...
🤝 3 2
Қазгидромет: Мамыр айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында құрғақшылық болады Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде.
«Қазақстанда құрғақшылықтың бірден бір себебі территорияның 25 пайызы шөл дала. Біздің климат құрғақшылық болуға бейім»,-дейді«Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.
Show all...
😱 5
Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ұшқыш 23 сәуірде бортқа жолаушы ретінде мінген деп жазылған. Қазір полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. @qazaqstantv
Show all...
😱 9🌚 3
Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстандағы Қамыс-Самара көлдеріне жіберілді Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, 20 жыл су келмеген көлдерге Ресейден ойысып келген 30 млн теше метр су құйылған. Бұдан бөлек, соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жылтыркөл, Бірқазан, Саркөл, Салтанат көлдеріне су жіберіледі.
Show all...
👍 12 5
📣🎒 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 📆 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады. 📌 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді. ❗️ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады. 💬 @qazaqstantv
Show all...
👍 12 2 2😎 1
«Шаруалар егін егуге үлгермеуі мүмкін» Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов мәлімдеді.
«Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан»,- деді депутат.
Сондай ақ, Сенатор мал шаруашылығының шығыны мен аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупі туралы мәселелерді көтерді. @qazaqstantv
Show all...
2😱 2👍 1😭 1
💬 Қандастарға берілетін квота санын көбейту керек - Дархан Қыдырәлі
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Ата жолы» картасының мүмкіндіктері заңды түрде бекітілуі тиіс. Бұл қарта этникалық қазақтарға берілетін «қандас» мәртебесімен теңестірілуі керек»,- деді Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі.
Сонамыне қатар депутат солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына батыс өңірін де қосуды ұсынды. 💬 @qazaqstantv
Show all...
👍 20😍 1
Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды Бұл қызметті атқарған Рустам Жүрсінов лауазымынан босатылды. @qazaqstantv
Show all...
1
🏡«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Несиенің пайыздық мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7, өзгелер үшін 9. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. @qazaqstantv
Show all...
👍 7 1
📌Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі бекітілді 1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулары қолданысқа енеді.   «ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада. @qazaqstantv
Show all...
👀 1