cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

MSPORTS.KZ

Спорт әлеміндегі ең соңғы және қызықты ақпараттар арнасы

Show more
Advertising posts
1 461Subscribers
-624 hours
-407 days
-22230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🏆🔝 Goal порталы ЕУРО-2024 фавориттерінің рейтингін жасады. Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде арасында Германияда өтеді. Рейтинг мынадай: 1. Франция; 2. Португалия; 3. Бельгия; 4. Англия; 5. Германия; 6. Испания; 7. Италия; 8. Венгрия; 9. Австрия; 10. Нидерланды
Show all...
✅ Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты 🇰🇿 Бұл жолы әлемнің 4-ракеткасы жартылай финалда Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 2:1 (6:4, 0:6, 7:6) есебімен жеңіске жетті. ⚠️ Елена Рыбакина финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова немесе рейтингіде 53-сатыдағы америкалық Даниэль Коллинздің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады. ⚠️ Өткен жылы Майамиде Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, тағы бір тәжірибелі теннисші, чехиялық Петра Квитоваға жол берген еді.
Show all...
🥇92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай Бакуде өткен "Ұлы Жібек жолы" бәсекесінде топ жарды. Ол финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. Әзербайжан елінің атынан жұдырықтасып жүрген кубалыққа қарсы жекпе-жекте Сағындық ширақ жұдырықтасты. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Осылайша ұлттық құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Бұған дейін Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай жарыс жеңімпазы атанған болатын. Ал Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені қанағат тұтты. Қазақстан құрамасы Бакудегі бәсекені 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.
Show all...
👍 1
🥇 Боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Бегзод Хамидовтан басым түсті. 71 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына мықтылығын мойындата білді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды.
Show all...
🔥 1
🥇Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекеде алтын алды Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. 60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Талғат Сырымбетов финалда турнир қожайыны Азрак Бабировты жеңді. Үш раундта да қарқынын бәсеңдетпеген Талғат бірінші раундта-ақ қарсыласының аптығын басып тастаған. Ал үшінші раундта әзірбайжандық боксшы, тіпті, жұдырықтасудан қалды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. @msportskz
Show all...
🔥 1
🥊 Өзбек боксшысын нокдаунға түсірген Тимур Қабдеш чемпион атана алмады Баку бәсекесінде 54 келі салмақтағы жерлесіміз Тимур Қабдеш күміс жүлдегер атанды. Финалда ол өзбек боксшысы Худжаназар Нортожиевпен кездескен. 🔴 Бірінші секундтардан бастап шабуылға кіріскен Тимур жақын айқаста қарсыласын бесінші нүктеге отырғызып, есеңгіреткен. Алайда төрешілер ұпай санағанда бұл нокдаунды ескермеді. Ал екінші раундта қарсыласы баспен кіріп, қабағы жарылды. Нәтижесінде үшінші раундта дәрігер жекпе-жекті тоқтату жөнінде төрешіге кеңес беріп, ұпай санымен өзбекстандық боксшы жеңімпаз болып танылды. Жекпе-жек соңынан Тимур нәтижеге көңілі толмайтынын байқатты. Өзбек боксшысы да оның қолын көтеріп құрмет көрсетті. Айта кетейік, осыған дейін 48 кило салмақта Теміртас Жүсіпов те финалда жұдырықтасып, әзербайжан боксшысы Хасан Маликовқа жол берген еді.
Show all...
👍 2
🥊 Бакудағы бокстың финалы басталғалы тұр 5 боксшымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады. 👊 Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады. Тікелей эфир сілтемесі 👉 https://www.youtube.com/watch?v=wdPpubKFS30
Show all...
Great Silk Way International Boxing Tournament..Final 28.03.2024

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан өзге қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты.
Мен теннис, падел, баскетбол және америкалық футболды жаныма жақын тұтамын. Кейінгі уақытта америкалық футбол жайлы көп біле бастадым, білген сайын қызығушылығым артуда, - деді Месси MBC каналындағы Big Time подкастында.
Show all...
💣 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында бокстан 63,5 кило салмақ дәрежесінде іріктеу өтеді. Олимпиадаға баруға үмітті 6 боксшы арасындағы жарыста жеңгені Бангкоктағы лицензиялық жарысқа қатысады. Елордадағы іріктеу жарысына Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Сабырхан Төрехан, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. Қазіргі таңда ерлер арасында 63,5 кило салмақта ғана Олимпиада жолдамасы жоқ. Өзге салмақта отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына жолдама алып үлгерді. @msportskz
Show all...
🥊 Бесінші боксшымыз финалға шықты Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” халықаралық бәсекесінің финалында 5 қазақ жұдырықтасады. Соңғы болып жерлестерімізден финалға 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз арақашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды. Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды. @msportskz
Show all...
🔥 2
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!