cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

MSPORTS.KZ

Спорт әлеміндегі ең соңғы және қызықты ақпараттар арнасы

Show more
Advertising posts
1 439Subscribers
-324 hours
-307 days
-8630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия алтынын ала алмады 🇰🇿 87 кило салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ақтық сында ирандық балуан Насер Хассем Ализадеден 0:5 есебімен жеңіліп, күміс медаль еншіледі.
Show all...
Ержеттің финалдағы белдесуінің ең үздік сәттері Видео: Дулат Карыбаев
Show all...
👍 2
🇰🇿 Ержет Жарылқасын Азия чемпионатының жеңімпазы атанды! 👊 63 келі салмақта сынға түскен балуанымыз финалда жапониялық Аято Сузукиді жеңіп, алтыннан алқа тағынды. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын медаль!
Show all...
🔥 2
😳 Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турындағы "Дефенсор Спортинг" пен "Ривер Плейт" командалары арасындағы ойын жаппай төбелеспен аяқталды. Ойынның негізгі уақытында алаң иелері 2:1 есебімен ұтып шыққан.
Show all...
👀 1
🇰🇿 Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын мен Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шықты. Финалдық кезең сағат 17:00-де басталады.
Show all...
🔥 2
🇰🇿 Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді. Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты. Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.
Show all...
🗣️ Канело су тасқынына байланысты Қазақстан халқына қолдау білдірді Қазақстандықтар үшін дұға етемін. Атырау және Орал біз сіздермен біргеміз.
Show all...
👍 5 1
ААААААААА! Ресми: Конор Макгрегор UFC-ге оралды 🔥 🆚 Дэйна Уайт ирландиялық файтердің Чендлермен иық тіресетінін қуана хабарлады. Топ кездесу 30 маусымда UFC 303 турнирінде өтеді деп жоспарланды. Конор соңғы рет октагонда үш жыл бұрын жұдырықтасты.
Show all...
🥇 Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды. 86 килоға дейінгі салмақтағы белдесулердің финалында Азамат өзбек балуаны Жабраил Шапиевпен кездесті. Қарсыласын 5:2 есебімен айқын ұтып шықты. Осылайша сары құрлықтың басты додасында үшінші рет топ жарды.
Show all...
👍 1🤣 1
🇰🇿 Асыл Айтақын финалда сүрінді 🥈 61 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ақтық сында қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекұлынан 1:3 есебімен жеңіліп, ел қоржынына екінші күмісті салды.
Show all...
👍 2 1