cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Tengri.kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Show more
Advertising posts
12 036Subscribers
+224 hours
+67 days
+43230 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
Астанада бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды Бас қалада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады.
2 5551Loading...
02
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан. Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.  Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
2 7106Loading...
03
Telegram-арналардың бірінде белгісіз біреу Астана мектептерінде адамдарды жаппай өлтіретіні туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жалған ақпарат екенін ескертті.   "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарды тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
2 6404Loading...
04
Мәжілістің комитет отырысында депутат Ринат Заитов спорт мәселесін көтерді. Ол футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті қызметінен кетуін сұрады. Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың бас бапкері әзірше ауыспайтынын атап өтті. "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Магомед Адиевпен арадағы келісімшарт 2025 жылы бітеді", - деді министр комитет отырысынан соң.
2 8101Loading...
05
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күндері ауысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында:  Демалыс күні 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
2 96813Loading...
06
ІІМ: Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты "Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң. Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.
2 7130Loading...
07
Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Заңға мынадай нормалар енгізілді: ⠀ - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; - неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; - отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; - өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; - 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; - кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; - білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; - 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
4 1703Loading...
08
Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған. Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Арна мәліметінше, оқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген. Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.
4 7333Loading...
09
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының жалғасы басталды. Қазір қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйлеп жатыр.
4 7920Loading...
10
Астанада жер бауырлап дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды Күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді бақылап, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған. "Сергек" камераларынан жасырынбақ болған күдікті жолда жер бауырлап, дүкенге терезесі арқылы кірген. Бірнеше секунд ішінде ол жалпы саны 14 дана Iphone телефонының әртүрлі модельдерін иемденген. Ол тіпті соғылған дабылдан да қорықпаған. Күзет фирмасының қызметкерлері келгенге дейін күдікті сыртқа шығып, бауырлап қашып үлгерген. Жалпы келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағаланған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
4 4991Loading...
11
Байжанов Салтанат Нүкенованың жақындарынан кешірім сұрады.
3 7800Loading...
12
Сот отырысы жалғасып жатыр. Бишімбаев ісін әрі қарай да судья Айжан Құлбаева жүргізе беретін болды. Судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.
3 2160Loading...
13
Media files
3 5566Loading...
14
Бишімбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдірді (яғни оны істі қараудан шеттету). Оған судья Айжан Құлбаева сөгіс жариялады. Процесс тоқтатылды. Трансляция да.
3 7280Loading...
15
Судья Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбей қойды Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов қана қатысып отыр. Адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова сотқа кешігіп келгендіктен судья оларды сот залына кіргізбей қойды.  "Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот тікелей эфирден көрсетіліп жатқандықтан сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Сот үзіліс жариялаған кезде олар сотқа қосыла алады", - дейді судья.
3 3951Loading...
16
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқыды. ⠀ Прокурор Ахмедина мен Нүкенованың 2023 жылы 19 сәуірдегі диалогын оқыды. Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан. ⠀ "Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кеткім келеді", - деп жазған Салтанат құрбысына.
3 6424Loading...
17
Петропавлға қарай жылжып барады. Тағы да атап өтейін, үлкен! Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жариялады. "Құрметті жерлестер! Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіріп жатыр... ...Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет. Біз су тасқынына қарсы барлық қажетті шараны қолданып жатырмыз. Бірінші кезеңде елді мекендерден еріген суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Енді міне, Есіл өзенінің бойынан көп су ағып жатыр. Сергеевское су қоймасында толып кету бойынша абсолют рекорд тіркелді - 4 метр, 25 сантиметр. Бұл 2017 жылғы қатты су тасқынынан әлдеқайда жоғары. Есіл өзенінің жағасындағы елді мекендерге жоғары су қауіп төндіреді. Шамамен бір-екі күнде су облыс орталығына жетеді. Прибрежное мен Тепличное ауылдары мен Заречный ауылын су басу қаупі төніп тұр. Осы күндері біз бөгеттерді салу және нығайту жұмыстарына тәулік бойы жұмыс істедік. Ауыз суды үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірінші көтерілген сорғы станциясының айналасындағы бөгетті нығайттық. Біздің қауымдастықтарымызды қорғау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Дегенмен, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Үлкен су ағыны Петропавлға қарай жылжып барады. Тағы да атап өтейін, үлкен!" - деп жазған ол.  Облыс әкімінің мәліметінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярдың тапсырмасы бойынша үйлері су басу аймағында орналасқан Заречный ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
3 1813Loading...
18
Құлсары қаласында бір адамның мүрдесі табылды. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып кеткен, қазір іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ. "Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
3 1711Loading...
19
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады «Ораза айт – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - делінген Президент құттықтауында.
3 2190Loading...
20
Атырауда полицей қызметкері көлік жүргізіп келе жатқан мопедистті қағып кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып қашып кеткен. ⠀ Жаяу жүргіншілермен соқтығысқан сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мопед жүргізушісі Сәтбаев даңғылында үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, тоқтамай, жол апаты болған жерден кетіп қалады. ⠀ "Полицейлер құқық бұзушының кім екенін анықтады.Жүргізуші кәмелетке толмаған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Мопед полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін сараптама тағайындалып, тиісті материалдар жиналуда", - делінген хабарламада. ⠀
3 0121Loading...
21
Бүгін Ораза айт мерекесі. Ораза айт дегеніміз - Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, яғни мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Бұл - екі айт мейрамының бірі. Мереке күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Сонымен қатар, айтта ораза ұстауға тыйым салынады. Барша мұсылмандарды құттықтаймыз!
2 9821Loading...
22
"Қаланы су басып жатыр, ал ол көлік қарап жүр". Әлеуметтік желіде Атырау әкімдігінің қызметкерінің жұмыс уақытында автосалонда жүрген видеосы тарады. Оны көрген желі қолданушылары халық су тасқынымен күресіп жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп сынға алды. Бейнежазбаға қатысты әкімдік қызметкері жауап берді. Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған.  "Бейнежазбада Атырау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қосалқы бөлшектердің бағасын ресми дилерден біліп, әкімшіліктің балансында тұрған автомобильдерді жөндеу үшін тапсырыс беруге барды", - деп жауап берді.
3 6595Loading...
23
"Үйін сағынған адамдарға арналады". Ауылда түсірілген видео көпшілікті тәнті етті. ⠀ Видеода ауыл өмірінен үзінділер ұсынылған. Алтыбақан теуіп жатқан және сәбіз теріп жүрген балаларды, жайылымдағы малдарды, самаурында шай қайнап жатырғанын көріп, көпшіліктің өз ауылына деген сағынышы оянды. ⠀ "Бір сәтке болса да ауылдың атмосферасын сездім", "Ауылдың берекесі бөлек қой", "Көзіме жас келді", "Ауылға барғым келіп кетті", "Қандай керемет", - деп пікір қалдырған Желі қолданушылары. Видео: IG/ozimeiunaidy
3 8755Loading...
24
Алматылықтар бар ма? 15 сәуірден бастап Алматыдағы әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлерінде жылу кезең кезеңімен өшіріледі. Ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тіркеген, сондықтан 2023-2024 жылы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.
3 5372Loading...
25
Түркістан облысында білім бөлімі 17 мың теңгеге бір келі сәбіз сатып алмақ болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің еріктілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдер мен басқа да материалдардың бағасы көтерілгенін анықтады.  Еріктілер 578 миллион теңгеге жуық мемлекеттік қаржыны үнемдеді. Мәселен, облыс аудандарының бірінде көмірді нарықтағы бағадан да жоғары бағаға сатып алуға тырысқан. Енді бір жағдайда электр энергиясының бағасын көтерген. Ал мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізу кезінде білім бөлімі сәбіздің бір келісін 16 мың 700 теңгеге сатып алуға тырысқаны анықталған. Ал нарықтағы бағасы - шамамен 200 теңге. Баға 800 есе көтерілген.
3 6115Loading...
26
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
3 5064Loading...
27
Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді «Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті», – деді Президент.
6 1821Loading...
28
Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.
4 7430Loading...
29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.
4 8370Loading...
30
Сотта Салтанаттың жеке жазбалары оқылды. Сонымен қатар, айыптаушы тарап банк жүйесіне кіріп аударымдар туралы дерек алуға тырысқанымен, ештеңе шықпады.
4 3253Loading...
31
Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды. Cотты тікелей трансляцияда көру үшін мына жерге өтіңіз.
4 3272Loading...
32
"ҚазАвтоЖолдың" экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Еске салайық, Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуір айынан 2022 жылдың ақпан айлары аралығында "ҚазАвтоЖолдың" басқарма төрағасы қызметін атқарды.
4 5111Loading...
33
Бүгін Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті. Сот уақытында Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан сәті көрсетілді.
8 97388Loading...
34
Мәжіліс депутаттары Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен фермелердің ауыл шаруашығылын дамыту үшін алған несиесін 3 жылға шегеруге ұсыныс жасады.
6 4610Loading...
35
2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр. “Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады”, - деп хабарлады ведомство тілшіге. Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.
5 8080Loading...
36
Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы лауазымына тағайындалды.
5 2274Loading...
37
Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түскі үзілістен кейін жалғасып жатыр. Тікелей трансляция осы жерде.
5 2001Loading...
38
Тоқаев Республикалық штабтың отырысын өткізді. Онда Президент су тасқынына жауаптыларды сынға алды. Сөйлеген сөзінен қысқаша тезис: - Құзырлы мекемелер, яғни әкімдіктер, Төтенше жағдайлар министрлігі, Су ресурстары министрлігі бірлесіп жұмыс істемейді. Жауапкершілік алудан қашады. Жұмысты бір-біріне сілтеп отырады. Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет. - Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. - Қазіргі басты міндет - адам шығынына жол бермеу. - Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. - Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін. - Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. - Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет. Өрт немесе басқа да табиғи апаттардың болуы әбден мүмкін. Қазіргідей қамсыз отырмай, алдын ала әрекет ету керек. - Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар. Осы ретте еліміздің шығыс өңірлеріндегі су тасқынын модельдеу жөніндегі ТЖМ мен "Қазақстан Ғарыш Сапары"» ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдануға болады.
5 6832Loading...
39
Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады. Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасыра алмады
4 3218Loading...
40
Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында егіз сәби дүниеге келді. Ана мен балалар тікұшақпен аудан орталығына жеткізілді. Нұра ауылында жүкті әйел мерзімінен бұрын егіз сәбиді босанды. Ауыл дәрігерлері әйелді аман-есен босандырып алды. Нұра ауылы аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан. Тасқынға байланысты аудан мен ауыл ортасында жол жабық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жіберілген бригада ауылға кіре алмаған.  Салмағы 2800-3050 грамм болатын екі қыз өмірге келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы. Бұл 36 жастағы әйелдің 6-шы жүктілігі екен.
10Loading...
Астанада бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды Бас қалада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады.
Show all...
👍 13🤔 5 2🥰 1
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан. Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.  Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
Show all...
👍 41 6😁 4
Telegram-арналардың бірінде белгісіз біреу Астана мектептерінде адамдарды жаппай өлтіретіні туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жалған ақпарат екенін ескертті.   "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарды тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Show all...
😱 7🤬 4🤣 1😨 1
Мәжілістің комитет отырысында депутат Ринат Заитов спорт мәселесін көтерді. Ол футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті қызметінен кетуін сұрады. Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың бас бапкері әзірше ауыспайтынын атап өтті. "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Магомед Адиевпен арадағы келісімшарт 2025 жылы бітеді", - деді министр комитет отырысынан соң.
Show all...
👍 17😁 5
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күндері ауысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында:  Демалыс күні 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
Show all...
👍 28🤷‍♂ 7👎 3 1🔥 1
ІІМ: Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты
"Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.
Show all...
🕊 6😢 4👍 3😨 2
Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Заңға мынадай нормалар енгізілді: ⠀ - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; - неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; - отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; - өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; - 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; - кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; - білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; - 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
Show all...
👍 36🤩 5 3🤡 3🔥 2
Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған. Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Арна мәліметінше, оқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген. Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.
Show all...
😱 24👍 9🤬 4 1
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының жалғасы басталды. Қазір қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйлеп жатыр.
Show all...
👎 12🥴 2😱 1
Астанада жер бауырлап дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды Күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді бақылап, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған. "Сергек" камераларынан жасырынбақ болған күдікті жолда жер бауырлап, дүкенге терезесі арқылы кірген. Бірнеше секунд ішінде ол жалпы саны 14 дана Iphone телефонының әртүрлі модельдерін иемденген. Ол тіпті соғылған дабылдан да қорықпаған. Күзет фирмасының қызметкерлері келгенге дейін күдікті сыртқа шығып, бауырлап қашып үлгерген. Жалпы келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағаланған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Show all...
🤣 30😨 9 2👍 1😁 1🤯 1😱 1