cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Tengri.kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Show more
Advertising posts
12 034Subscribers
+224 hours
+67 days
+43230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. "Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі). Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы Сот хабарламасындар
Show all...
👍 1
Астанада бүгіннен бастап жылу беру маусымы аяқталды Бас қалада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді. Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады.
Show all...
👍 13🤔 5 2🥰 1
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан. Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.  Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
Show all...
👍 41 6😁 4
Telegram-арналардың бірінде белгісіз біреу Астана мектептерінде адамдарды жаппай өлтіретіні туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жалған ақпарат екенін ескертті.   "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарды тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Show all...
😱 7🤬 4🤣 1😨 1
Мәжілістің комитет отырысында депутат Ринат Заитов спорт мәселесін көтерді. Ол футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті қызметінен кетуін сұрады. Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың бас бапкері әзірше ауыспайтынын атап өтті. "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Магомед Адиевпен арадағы келісімшарт 2025 жылы бітеді", - деді министр комитет отырысынан соң.
Show all...
👍 17😁 5
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күндері ауысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында:  Демалыс күні 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
Show all...
👍 28🤷‍♂ 7👎 3 1🔥 1
ІІМ: Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты
"Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.
Show all...
🕊 6😢 4👍 3😨 2
Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Заңға мынадай нормалар енгізілді: ⠀ - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; - неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; - отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; - өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; - 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; - кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; - білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; - 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
Show all...
👍 36🤩 5 3🤡 3🔥 2
Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған. Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Арна мәліметінше, оқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген. Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.
Show all...
😱 24👍 9🤬 4 1
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысының жалғасы басталды. Қазір қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйлеп жатыр.
Show all...
👎 12🥴 2😱 1