cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Show more
Advertising posts
15 800Subscribers
-2524 hours
-1297 days
-41930 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Алматыны шаңды дауыл басты
Show all...
👍 1
Абай облысында баспана құрылысына байланысты 305 іс қозғалды Қазір облыс орталығы Семей қаласында тұрғынүй құрылысы қарқынды жүріп жатқаны рас. Алайда көпқабатты үй тұрғызуды міндетіне алған мердігер компаниялардың кейбірі заңды белден басып, түрлі тәсілмен жауапкершіліктен жалтарғандығы да анықталып жатыр Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте Абай облыстық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Аманжоловтың айтуынша, қазір сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласы бойынша 121 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 90 субьект әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол негізде жалпы сомасы 57,03 млн. теңгеге 305 әкімшілік іс қозғалып, оның 91-і әкімшілік сотқа шешім қабылдау мақсатында жолданған жайы бар.
«Тексеру, қадағалау барысында бір нысанға қатысты сот шешімі бар. Алғашқы сатысында сот бізді қолдамаған болатын. Облыстық аппелияциялық сот алқасына жүгінуге тура келді. Соның негізіндегі заң аясындағы сот шешіміне сәйкес, пайдаланылған құрылыс материалдары бөлшектелетін болады», – деді Аманжолов.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
🎃 1
5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.
«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 1
Түркістан облысында «Пара алмайтын директор» жайлы мақала жарияланды Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепке жақында директор болып тағайындалған Әнетбек Әлімқұл бір тиын пара алмай 11 кіші қызметкер мен 2 күзетші жұмысқа қабылдапты. Бұл туралы «Өзге пікір» газетінде мақала жарияланды
«Бұл мектептің экс-директоры Гүлмира Каримова мен орынбасары өткен жылдың қазан айында мектептегі былықты маған айтқаны үшін мектептің 2 мұғалімі мен 2 еден жуушысына қоса мені де сотқа беріп, 2 айдан аса сандалтқан болатын..Абырой болғанда, процессте мені қорғаған адвокат Халима Орынбай мен еліміздің бір топ белсенді педагогтары мен өз кәсібіне адал журналистерінің арқасында сотқа шағымданушылар өз шағымдарынан бас тартып, іс тоқтатылды. Кейіннен Гүлмира Каримова директорлық қызметінен кетті деп естіп едік. Орнына келген жаңа директордың әзірге аяқ алысы жаман емес секілді.Бұл Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты білім ошақтары үшін үлкен жаңалық болса керек», - дейді шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 1
Түркістан облысында «Пара алмайтын директор» жайлы мақала жарияланды Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепке жақында директор болып тағайындалған Әнетбек Әлімқұл бір тиын пара алмай 11 кіші қызметкер мен 2 күзетші жұмысқа қабылдапты. Бұл туралы «Өзге пікір» газетінде мақала жарияланды «Бұл мектептің экс-директоры Гүлмира Каримова мен орынбасары өткен жылдың қазан айында мектептегі былықты маған айтқаны үшін мектептің 2 мұғалімі мен 2 еден жуушысына қоса мені де сотқа беріп, 2 айдан аса сандалтқан болатын..Абырой болғанда, процессте мені қорғаған адвокат Халима Орынбай мен еліміздің бір топ белсенді педагогтары мен өз кәсібіне адал журналистерінің арқасында сотқа шағымданушылар өз шағымдарынан бас тартып, іс тоқтатылды. Кейіннен Гүлмира Каримова директорлық қызметінен кетті деп естіп едік. Орнына келген жаңа директордың әзірге аяқ алысы жаман емес секілді.Бұл Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты білім ошақтары үшін үлкен жаңалық болса керек», - дейді шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы.
Show all...
Қыркүйектен бері бос жатқан Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылып, оған сәйкес Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 1
Айкөркем ісі бойынша күдікті деп танылған Арман Жұманға қатысты сот үкімі шықты Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Жан Күнсеркин сол кезде апелляциялық шағым түсіретінін айтқан еді. Қаңтар оқиғасы кезінде, 7 қаңтарда Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке оқ жауған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қаза болды. 8 жасар ұлы психологиялық шок алған. Айкөркемнің қазасына байланысты іс 2022 жылы желтоқсанда «адам өлтіру» бабымен қозғалып, кейін билік өкілетін асыра пайдалану» бабына ауыстырылды. Айта кетейік, қаңтар оқиғасында оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның қазасына қатысты сот ісі 15 қарашада аяқталып, күдікті Арман Жұман ақталып шыққан еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
2
Қазақстанда мопедтер мен электросамокаттарға қатысты өзгерістер қабылданады Қазақстанда әкімдерге электросамокаттардың қызметін реттеу жөніндегі өкілеттік беріледі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді
«Біріншіден, қозғалтқыштың көлеміне қарамастан барлық мопед көлік саналады. Оны басқару үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі мен жасыңыз 16+ болуы керек. Осылайша, біз барлық мопедті есепке қоямыз және тіркейміз. Бүгінде елімізде бұл жүргізушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды», - деді Лепеха.
Тағы бір маңызды норма – әкімдерге электросамокаттардың қызметін реттеу жөніндегі өкілеттік беріледі.
«Олар қандай да бір қосымша ережелер бекіте алады: қай жерде жүруге болады, қай жерде болмайды, қай уақытта олардың қозғалысына тыйым салынады және тағы басқа», - деді Лепеха.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
«Крокус Сити Холлдағы» қанды қасап: Елде терроримзге қарсы іс-шараларға қанша қаражат бөлініп жатыр? 22 наурыз күні Ресейдегі Crocus City Hall концерт залында ірі теракт болды. Кейінгі деректерге сүйенсек, 360 адам зардап шегіп, 143 адам қазап тапқан. Араға бір күн салып, күдікті ретінде Тәжікстанның екі азаматы ұсталды. Осы жағдайдан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен жиналыс өткізді. Халықтың амандығын сақтау, терроризмге қарсы күрес жүргізуге қатысты шаралар жасалатыны айтылған еді. Осы ретте тілшіміз жыл басынан бері терроризммен күреске бағытталған шараларға қатысты мемлекеттік сатып алуларға шолу дайындады. «Терроризм» кілтсөзі бойынша порталда 1000-нан астам хабарландыру шықты. Оның ішінде 2024 қаржылық жылға жоспарланғаны – әзірге 77 хабарландыру. Алдымен жыл басында жарияланып, орындалған тапсырыстардан бастайық. Жыл басында «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі түрмеде жазасын өтеп жатқандарды оңалтуға қатысты жұмыс жүргізбек болып, байқау жариялаған. Дегенмен өтінім бергендер саны екеуден аз болғандықтан, өтпей қалыпты. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
1
Ажырасу бойынша Қазақстан екінші орында тұрғаны рас па – Ұлттық статистика бюросы мәлімдеме жасады
«Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған», - делінген Бюро хабарламасында.
2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған.
«2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады», - делінген хабарламада.
Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 2
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!