cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Show more
Advertising posts
15 579Subscribers
-1124 hours
-687 days
-37330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

«Төрінші әйелі боп тигенімді кеш білдім, суицид жасамақ болдым»: әнші Мөлдір Әуелбекова сұхбат берді Толығырақ
Show all...
Repost from Ru.Qaz365.kz
В Турции произошло землетрясение магнитудой 5,6 Толчок был определен на глубине 5,99 километра Подробнее
Show all...
😱 1
Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
Путиннің делегациясы Салтанат көз жұмған күні Bau-ға келмек болған Байжанов 9 қарашада әкімші Қарлығашқа "бүгінгі банкеттерден бас тарту керек" деп жазған. Оған жауап жазған Қарлығаш аудиомен "мен қалай бас тартамын? Бұл Путиннің делегациясы болады" деп жазған. Байжанов тергеу кезінде жауап алу барысында 9 қарашада Астанаға Ресей президенті Астанада болғанын және оның делегациясы осы күні "Bau" мейрамханасында VIP-кабинаны брондағанын айтып жауап берген. Адвокат Жанна Оразбақова Ресей президентінің делегациясы болатынын біле отырып, сотталушылар Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған деп есептейді. Алайда судья бұл тек адвокаттың тұжырымы деп ескертті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
ҚМДБ Бишімбаев пен марқұм Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабының 3-тармағында тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана мойындалатыны белгіленген. Осыған орай ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібінің тиісті талабына сәйкес мешіт қызметкерлері неке қию рәсімі алдында болашақ ерлі-зайыптылардан Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті талап етеді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қоңарбайұлы жазды.
«2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде «жасалу үстінде» деп жауап берген. Сонымен қатар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген», - деп жазды Ағабек Қоңарбайұлы.
Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 1
Ішімдіктен бас тарста, адамның қай мүшесі бірінші болып қуанады Арыс қаласы Дермене ауылдық округіне қарасты 4 елдімекен Дермене, Теміржолшы, Орманды елді, 40-разъезд осы тізімде. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі Түйетас елдімекенінде, Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі Алмалы елдімекенінде, Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Шұқырсай елдімекені мен Қошқарата ауылдық округі Мақташы елдімекені, Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Табысты елдімекені де арақтан бас тартқан. Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында да арақтан бас тартқан бір-бір елдімекеннен бар. Енді мына қызықты қараңыз, Сайрам ауданы Қайнар Бұлақ округіне қарайтын 8 ауылдың жетеуі бірдей ішімдіктен бас тартқан. Олар Таскешу, Әсіларық, Қасымбек датқа, Тоған, Шіркін, Ошақты, Құрлық ауылдары. Ауыл ақсақалдары тура 4 жыл бұрын ораза кезінде дүкендерді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
«Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда қылмыс бірнеше есе азайғанын байқадық», – дейді Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.
Ал енді осы жағдай, яғни, ішімдіктен бас тартудың денсаулыққа пайдасы қандай? Осы жағын сұрау үшін белгілі дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шүкрі Думлу мырзадан сұрадық: Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
🤓 1
Қазақстанда 59 басшы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді Өткен кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен 69 талдау және мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 565 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Алдын алу шараларымен, оның ішінде жемқорлыққа қарсы еріктілермен 17 миллиард теңгеден астам сомма қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді. Биыл 1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы - әртүрлі деңгейдегі басшылар. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
1
ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды. 2014 жылы ашылған бұл алты метрлік монументтің авторы – Нұрлан Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде бейнелеген.
«Абаттандыруды нақ осы Қабанбай батыр ескерткішінен бастағанымыздың өзіндік мәні бар. Бұл – жай ғана монументалды тарихи-мәдени нысан емес, қасиетті орын! Сондықтан осы аумақты тәртіпке келтіріп, абаттандыру өте маңызды», – дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алдияр Әубәкіров.
«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар қыс мезгілінде ескерткіштің айналасына жиналып қалған бүкіл қоқысты тазартты. Бір апта ішінде олар Шығыс Қазақстандағы басқа да киелі орындардың аумағын ретке келтіреді. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 1
Су тасқынынан жеті адам қаза тапты – ҚР ІІМ Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Су тасқыны кезінде Абай облысында екі адам жоғалып кетті. Одан кейін Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды және тергеу тиісті процессуалдық шараларды атқарып жатыр. Оның нәтижелері мұның қалай болғанын, себептерін, оған ықпал ететін жағдайларды және осы оқиғаларға кімнің кінәлі екенін анықтауға мүмкіндік береді», - деді Марат Қожаев.
Бұл тұрғыда ол аталған мәселе бойынша қозғалған қылмыстық істердің санын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 2
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz. "Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Экстрадициялау мәселесі шешілуде", – делінген полиция хабарламасында.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👍 4 1