cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Атырау

Атырау облысы, қала және Қазақстанның ең маңызды, талқылаулы ақпараттарды жазбаша қазақ тілінде таратын телеграм арнасы, @atyraucity 🔹Ресми channel Бізге жазылыңыздар! Тек маңызды, жазбаша түрде ақпараттар!

Show more
Advertising posts
293Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ораза кестесі Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні сәуір айының 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр. 21 сәуір - Ораза айт. Пітір садақасы - жан басына 535 теңге. Қазақстан қалаларының 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесіне сілтеме
Show all...
🚌 Атырауда кейбір қоғамдық-көлік қозғалыстары ретке келтірілді «Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың хабарлауынша, қазіргі уақытта №50, 53, 64 автобустың қозғалысы реттелді.   Айта кетейік, толассыз жауған қардың салдарынан қалада кейбір автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. дереккөз: atpress.kz @atyraucity
Show all...
📚Атырауда жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер оффлайн оқиды Бұл туралы AtyrauPress облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. "9 қаңтардан бастап облыстағы (қала, аудан) 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері оффлайн режимде оқиды. Ал 0-4 сынып оқушылары оқуларын онлайн форматында жалғастырады" делінген хабарламада. @atyraucity
Show all...
❄️ Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала іші мен маңы қардан тазартылуда 70-ке жуық техника мен арнайы жасақтар қаланың іші мен қала маңындағы шағын аудандардың көшелерін тазарту жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды AtyrauPressоблыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов күн райының күрт бұзылуына байланысты қаладағы қар тазалау жұмыстарын жүргізуге қосымша техникаларды жұмылдырды. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, 70-ке жуық техника мен арнайы жасақтар қаланың іші мен қала маңындағы шағын аудандардың көшелерін тазарту жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Серік Шәпкенов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. @atyraucity
Show all...
❄️ Қалада қар тазалау жұмыстары жүруде.. "Қалың қарды қаладан шығаруға  19 техника жұмылдырылып, 220 жұмысшы тартылды. Бүгін қаладан 920 шаршы метр қар шығарылып, 38 тонна арнайы реагент себілді. Жеті трактор жолдарды қардан тазалап жатыр. Ал, екі "КамАЗ" көлігі ауылдық округтерге арнайы реагент себуге шығарылды" делінген Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Show all...
⚡️Атырау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды Ол «КМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Бұл туралы kmge.kz сайты мәлім етті. 1983 ж. – И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген
Show all...
🚘 Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды Бүгінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша 33 975 өтінім мақұлданған. 9 658 автокөлік сәтті заңдастырылды. ❗️Еске салсақ, шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автокөліктерді сатып алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасында 10 жұмыс күні ішінде тіркеуі керек. Ақпарат: Қазақстан ұлттық арнасынан @atyraucity
Show all...
🤼‍♂️ Тұщықұдықта дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында нысанның құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ас-Құрылыс» ЖШС. Спорт кешенінің жалпы ауданы 818,88 шаршы метр. Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Полымбет Хасанов қатысып, тұрғындарды құттықтады. — Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, жыл сайын спорт нысандарының саны артуда. Бұрын спорт кешені тек аудан орталығында болса, 2021 жылы Жанбай ауылында ашылды. Міне бүгін Тұщықұдықтан ашылып отыр. Мұндай нысандар Х.Ерғалиев ауылы мен Исатай ауылынан салу үшін құжаттар жасақталуда. Сонымен қатар өткен жылы Аққыстау ауылынан көп нысаналы спорт алаңы салынып, пайдалануға берілгенін де айта кетейін. Оған қоса Зейнеден ауылынан өзге ауылдық округтерде кіші аяқдоптан футбол алаңшалары салынып, жаңартылып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да бұл саланы дамыта беретін боламыз,- деді П.Хасанов. Сондай-ақ спорт саласының ардагері Бердібек Қайраханов пен ардагерлер арасында қол күресінен Әлем чемпионы Алмагүл Қанатова сөз сөйлеп, ауданнан спортшылардың көптеп шығуына тілек білдірді. Айта кетейік, спорт кешені бірінші қабатта үлкен ойын залы, екінші қабатта жаттығу бөлмесінен тұрады. Кешенінің қасында кіші футбол алаңы бар. @atyraucity
Show all...
🚰Атырауда 8 елді мекенге су жүргізу жұмыстары қолға алынбақ Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшының уақытша міндетін атқарушы Данияр Мүкішев мәлем етті, деп хабарлайды Өңірлік крммуникациялар қызметі. Биыл Көкарна, Қаракөл, Айдын, Бүйрек, Қосқұлақ, Кенбай, яғни 6 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, іске қосылған. -Ал Аққора, Қоныстану, Қоғам, Кенбай разъезді, Соркөл, Былпылдақты, Сарқұмақ, Қоңыраулы, Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан, Көздіқара, Томан, Қошалақ елді мекендерінде су құбыры желілері құрылысы бойынша және су тазарту кешенді блок-модульдерін қондыру жұмыстары іске асырылмақ. Оның сегізінде Аққора, Қоныстану, Қоғам, Кенбай разъезді, Соркөл, Былпылдақты, Сарқұмақ, Қоңыраулы елді мекендерінде су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, құрылысты бастау үшін қаражат қарастырылуда. Егер алдағы жылдың бірінші тоқсанында сумен қамту жұмыстары басталса, сол жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, деді Д.Мүкішев. Оның айтуынша, бүгінде Атырау, Құлсары қалалары және 11 елді мекен орталықтандырылған су бұрумен қамтылған. Сонымен қатар 3 кәріздік тазарту имараты бар, олар Атырау қаласында, Мақат және Индер поселкесінде. Биыл Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріздік тазарту имаратына жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Атырау қаласындағы №5 сүзгі станциясын жаңғырту жұмыстары іске асырылуда. t.me/AtyrauCity
Show all...
⚡️Атырау облысының аққыстау ауылында тоқ желілері жаңартылды Аққыстау ауылы АТП ықшам ауданы тұрғындарының көп уақыттан бері қозғап жүрген тоқ желісінің мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. АТП мөлтек ауданындағы ток желілер 1975 жылдары орнатылған. Содан бері бағаналар, желілері жаңартылмауына байланысты ауа райының қолайсыз күндері жарық жиі өшіп, электр қуаты әлсіреп, тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырып келген. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, аудандық құрылыс бөлімі арқылы тапсырыс беріліп, осы жылдың тамыз айында басталған жұмыстар, қараша айында аяқталып халық игілігіне беріліп отыр. - Жаңартылған ток желілерінің ұзындығы 4 шақырымға жуық. Жұмыстар Нарын, Б.Нсанбаев, Келте Нарын, Х.Ерғалиев, Е.Қазақстан, С.Сейфуллин көшелерін қамтыды. Жоба аясында С.Сейфуллин көшесіндегі ескі трансформатор алынып, жаңадан 160 кВт трансформатор орнатылды. 103 дана бетон бағаналар қондырылып, 5 мың метр СИП кабельдер тартылды. Электр желісін жаңарту барысында әр тұрғынның үйіне ток желісі мердігер мекеме арқылы жүргізілді, - деді аудандық Құрылыс бөлімнің басшысы Жұмажан Сыдихов. Оның айтуынша, бұл жұмыстармен қоса Б.Нысанбаев 1 және 2 көшелеріне электр желісі тартылып, көше жарық шамдары орнатылған. Аудан бойынша электр желілерін жаңарту бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады. Айта кетейік, Исатай ауданының Аққыстау ауылдық округінде 10592 тұрғын бар. t.me/atyraucity
Show all...
Индер ауданында «Inderbor cinema» кинотеатры ашылды  Индер ауданының «Inderbor cinema» 3D кинотеатры өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Индер ауданында алғаш рет ашылған және пандемия кезінде әртүрлі қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатқан «Inderbor cinema» кинотеатры жұмысын қайта бастады. Индер ауданының әкімдігі «Sulpak cinema» мекемесімен шарт жасасып, 24 қарашадан бастап кинотеатр отандық «Келінжан» фильмін көрсете отырып, көрермендер үшін есігін қайта ашты.  -Енді желтоқсан айынан бастап отандық және шетелдік киноиндустрияның түрлі жанрындағы фильмдер көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта кинотеатр 3 сеанспен көрермендерін қабылдап жатыр. Билеттерді Tiketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Билет құны балаларға 500, студенттерге 600-800, ересектерге 1200-1500 теңге, деді аудан әкімінің көмекшісі Айдос Бақытжан.   Жастар орталығы ғимаратында орналасқан кинотеатр 130 көрерменге арналған.  Айта кетейік, кинотеатр жұмысын inderbor_cinema парақшасы арқылы білуге болады. Атырау қаласы | Город Атырау
Show all...
⚡️Президент: Халқымның сенімі – маған аманат «Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын» Президенттің ант қабылдағаннан кейін айтылған сөзі.. @atyraucity
Show all...
⚡️Электр қуаты өшіріледі! ❗️Себеп:Күзгі-қысқа дайындық ревизиясы! 🗓Күні: 22 қараша 2022 ж. 🕑Уақыты:10:00-14:00 📍Мекенжай: Жұлдыз ы/а., 4, 6, 13, 15, 18; Арон Аюпов к; 🕙Уақыты: 10:00-17:00 📍Мекенжай: Бірлік-2 е; Қорқыт – ата к; Сүгірұлы к; Шернияз Жарлығасұлы к; 🕑Уақыты: 14:00-17:00 📍Мекенжай: Водников -2 ы/а., 7, 8, 9; Бесікті е; Талғайран е; @atyraucity
Show all...
Exit poll нәтижесі жарияланды «Ашық қоғам» институты президент сайлауы бойынша Exit Poll нәтижесін жариялады 1.Қарақат Әбден - 2,54% 2.Нұрлан Әуесбаев – 2,17% 3.Жигули Дайрабаев - 3,33% 4.Мейрам Қажыкен - 2,23% 5.Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45% 6.Салтанат Тұрсынбекова - 2,08%
Show all...
🌽 Қалада жәрмеңке өтеді, азық-түлікке осы аптада Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қала халқына делдалсыз қолжетімді бағада ұсыну мақсатында 2022 жылдың 19 және 20 қараша күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ЖӘРМЕҢКЕ ұйымдастырылатынын хабарлайды. делінген Атырау қаласының әкімдігінің ресми инстаграм парақшасында Мекен-жайы: Мәден көшесі, 1а. t.me/atyraucity
Show all...
🚌 Атырауда 20 қараша күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсететін болады 20 қарашада өтетiн Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күнi Атырау қаласындағы қоғамдық көліктер халықты тегiн тасымалдайды. Тегін маршруттар қала ішіндегі және қала маңындағы барлық бағыт бойынша қатынайтын болады. Атырау қаласы | Город Атырау
Show all...
📍Биыл Атырауда 311 этникалық қазақ қандас мәтебесін алды Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Осы жылы Атырау облысына шет елдерден 252 отбасы қоныс аударған. Өзге елден өз туған жерлеріне оралған қандастарымыздың барлығы қандас мәртебесін алды. - Қандастарымыз әлемнің түкпір-түкпірінен өз елдеріне оралып жатыр. Жалпы тәуелсіздік алғаннан бері Атырауға 15 мыңнан астам этникалық қазақ оралған. Бүгінде олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Елге оралған этникалық қазақтардың осы жерде қалып, азаматтық алуына мүмкіндік беру мақсатында 1 жылға қандас мәртебесі беріледі. Осы аралықта этникалық қазақтар ҚР азаматтығын алып үлгермесе берілген қандас мәртебесін алты айға тек бір рет ұзартылу қарастырылған. Бүгінде елге оралған 43 қандас үй кезегінде тұр. Ал жұмыспен қамту мәселесі бойынша 3 қандас хабарласып, тұрақты жұмысқа орналасты, деді М.Алдияров. Айта кетейік қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ, жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға барып қызмет алады. Құжаттарды қараудың және қандас мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Show all...
🏤 Атырауда 160 орындық екі балабақша пайдалануға берілмек Атырау қаласының Жұлдыз, Көктем мөлтек 160 орындық балабақшалар пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Екі балабақша да «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынып отыр. Ғимараттардың құрылыс жұмыстары 2021 жылы желтоқсан айында басталған болатын. Жұлдыз мөлтек ауданы бойынша балабқшаның мердігер мекемесі «Егеменді-құрылыс» ЖШС болса, Көктем мөлтек ауданындағы балабақшаның мердігері «Диар и компания» ЖШС. Бір гектар жерге орналасқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ауданы 1749,62 және 1584 шаршы метр. -Мұнда 160 балаға 7 топ қарастырылған. Әрқайсысы 20 баладан 2 жастағы кіші үш топ, 25 баладан 3 жастағы екі орта топ және 25 баладан 4-5 жастағы екі ересек топ. Балабақша заманауи үлгіге сай жасақталынған. Балабақша асхана, спорт алаңы, саз және спорт кабинеті, сонымен қатар балалар ойнайтын лабиринт құрал-жабдықтарымен қамтылған, деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. Айта кетейік, аталған балабақшалар жыл соңына дейін толықтай пайдалануға беріледі. ATYRAUCITY
Show all...
🚦Сырым Датов көшесінің тағы бір бөлігі ашылды Сырым Датов көшесін қайта жаңғырту мақсатында Керей Исмағұлов көшесінен бастап Сұлтан Бейбарыс мешітіне дейінгі аралық ашылды. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады. делінген хабарламада. t.me/atyraucity
Show all...
💻Туу туралы куәлік цифрлық құжаттар қатарына қосылды. Енді куәліктің қағаз нұсқасын алу жүру міндетті емес. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Стратегиялық бастамалар форумында айтты. Сонымен қатар министр Қазақстанның онлайн-қызметтер бойынша әлемде 8-орынға тұрақтағанын қосып өтті. Ал интернеттің қол жетімділігі бойынша 65-орында. t.me/atyraucity
Show all...
🚒 Елімізде 2023 жылдан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы көтерілмек. Яғни өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ең төменгі жалақысы 2023 жылдан бастап шамамен 180 000 теңгені құрайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Мәлімдеме барысында, осыдан үш жыл бұрын жалақы мәсәлесіне келгенде, Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің 65 мың теңге алғанын да еске алды. Ал қазір қызметке енді келген, әрі төменгі лауазымдағы азаматтардың жалақысы шамамен 110 мың теңгені құрайды. «2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. 70% - қатардағы құрам үшін жоғарғы өсу, яғни бұл қызметке енді ғана кірісіп жатқан қызметкерлер. Ал 10% басқару тобына өрт сөндіру қызметінің басшылары, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары кіреді», – деді Юрий Ильин. Ол сондай-ақ, министрліктің жетекші қызметкерлерінің жалақысы өспейтінін атап өтті. t.me/atyraucity
Show all...
​​🏗 Атырауда тоқтап тұрған BINOM мектептерінің құрылысы қайта қарқын алды Облыс орталығының «Нұрсая» және «Сарыарқа» шағынаудандарында салына бастаған BINOМ мектептерінің құрылысы жаз мезгілінің басында тоқтап қалған еді. Араға бірнеше ай салып, білім ұяларының құрылысы қайта жанданды. BINOM мектептерінің құрылысы өткен жылдың  IV тоқсанында басталған еді. Ал 2022 жылдың IV тоқсанында екі мектептің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда жоба жетекшісі Нұрбол Шалкеновтің айтуынша түрлі тексерулердің салдарынан құрылыс тоқтап қалды. Мұнайлы өлкенің орталығында салынып жатқан 2000 орындық  қос мектептің құрылысына 20 миллиард теңге бөлінді. Әр білім ұясының аумағы 22 мың 400 шаршы метрді құрап, 4 қабаттан және 13 блоктан тұрады. Бүгінде құрылыс басында жұмысшылар уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр. Мектептердің төртінші қабаты бой көтере бастады. Құрылысшылар газоблок және кірпіш қалау, терезе орнату, инженерлік жүйелерді жүргізу, шатыр жабу секілді басқа да жұмыстар қызу жүріп жатыр. Атыраудағы BINOM мектептері құрылысының  мемлекеттік серіктесі Атырау облысының білім беру басқармасы, жеке серіктесі «BINOM Atyrau» ЖШС. Ал бас мердігер «BiGlobal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, бас жобалаушы «Данайхан Стройтех» ЖШС. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың жазында аяқталып, "Нұрсая" және "Сарыарқа" шағынауданындағы жаңа BINOM мектептерінде 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау үні соғылады.   деп хабарлады: Ақпараттық ресурс ATPress.kz 
Show all...
💡Жарықсыз қалған шағын аудандарға электр қуаты берілді Атыраудағы Геолог, Жұлдыз, Томарлы, Бірлік, Вокзал ш/а электр қуаты қалпына келтірілді. «13 –14 қарашаға қараған түні Атырау қаласы Бірлік ш/а № 18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан шахардың бірнеше шағын аудандары жарықсыз қалып, кейбір білім беру мекемелерінде сабақ онлайн форматта өткен еді. Қазір апат салдары жойылды. Бұл жағдай өңір басшысының жеке бақылауында. Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Бірлікте орналасқан № 35 балабақшада және Боран Нысанбаев мектебінде, Геологтағы № 36 мектеп оқушылары бүгін, яғни 15 қараша күні онлайн оқиды. @atyraucity
Show all...
🚛 Жылыойда стихиялық қоқыс тазарту жұмыстары жүргізілуде Жылыойда стихиялық қоқыс тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауданда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы 55 стихиялық қоқыс алаңы анықталған. Оның ішінде Құлсары қаласында 51, Жаңа Қаратон кентінде 2 және Қосшағыл ауылында 2 қоқыс алаңы орналасқаны белгілі болды. Осыған орай, әкімдіктің тапсырмасымен «Промэкология» ЖШС-нің жанынан стихиялық қоқыс алаңдарын тазалау үшін жұмыс тобы құрылды. -Құрылыс қалдықтарын тазартуға 10 жұмысшы мен 8 арнайы техника тартылды. Осылайша 55 қоқыс алаңының 30-ы тазартылып, олардан 1000 тонна қоқыс шығарылды. Жиналған қоқыс «ЭкоҚалаХХІ» ЖШС-нің арнайы полигонына тапсырылды, деді аудан әкімі Жұмабек Қаражанов. Айта кетейік, ауданда қыркүйек-қазан айлары тазалық айы болып бекітіліп, Құлсары қаласы мен кент және ауылдық округтерде 5 рет сенбілік ұйымдастырылды. t.me/atyraucity
Show all...
🕯Атырауда өрт салдарынан ықшамаудандар жарықсыз қалды Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 13-14 қарашаға қараған түні Атырау қаласында Бірлік шағын ауданындағы №18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алып, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен жойылды.   Қазіргі уақытта Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Вокзал маңы шағынаудандары электр қуатынсыз қалып отыр. Жағдай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша "Атырау Жарық" АҚ және қалалық әкімдіктің авариялық қызметтері авариялық жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 14 қараша күні таңертең Привокзальный шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді t.me/atyraucity
Show all...
🏢 Атырауда 1100 ден астам көпқабатты тұрғын үй жылуымен қамтамасыз етілді Бұл туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Қаланың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындары мен әлеуметтік сала объектілерін 2022-2023 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы» қаулысына сәйкес, биыл 19 мамырдан бастап қаладағы көпқабатты үйлерді қысқа дайындау жұмысы басталды. Бүгінде қала бойынша 1100-ден астам тұрғын үйге толықтай жылу берілген.   - Осы жылы жылу беру маусымы басталған бойда пәтер иелері кооперативінің тапсырысы бойынша орталықтанған жылу жүйесінен жылу алатын 1031 тұрғын үй қысқа дайындалды. Қазір бұл баспаналарға жылу толықтай беріліп отыр. Одан басқа қала бойынша жеке қазандықтар бар. «Атырау Су Арнасы» КМК қазанынан 14 пәтер, жеке қазандардан 69 пәтер және «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нен 39 пәтер жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы қала бойынша 1141 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілді, - деді Т.Әубәкіров. Ал «Атырау жылу жүйелері» АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиев, жылу беру маусымы басталмастан бұрын толықтай жөндеу жұмыстары өткенін және қажетті шаралардың уақтылы жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ ТҮКШ бөлімінің арнайы тексеріс құрамы және «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның мамандары өздеріне қарасты тұрғын үйлерді үнемі бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
Show all...
Repost from N/a
⚡️ Тоқаев Атырау облысын дамытудың басымдықтарын айқындап айқындады Бірінші. Аймақтың экономикасын әртараптандыру. Екінші. Балық шаруашылығын дамыту. Үшінші. Облыстың инфрақұрылымын жақсарту. Төртінші. Өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Бесінші. Білім беру және мәдениет саласын дамыту. Алтыншы. Атыраудың экологиялық ахуалын жақсарту және көгалдандыру. Жетінші. Облыстағы туризмді дамыту. @atyraucity
Show all...
🤒Инстаграм ауырып тұрған сияқты. Сіздерде де инста қуып тұр ма? ATYRAUOIL
Show all...
Repost from Qazaqstan.tv
📌Қазақстанда әйелдер 61 жаста зейнетке шығады Мәжілісте әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілді. Сондай-ақ, заң жобасы аясында бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 120% дейін өседі. @qazaqstantv
Show all...
🚫 Военный часть жағы жол жабылады Ағымдағы шұңқырларды жөндеумен байланыс 15 және 16 қазанда сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Амандосов көшесі мен Баймұханов көшесі арасында Берғалиев көшесі жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Жол кешкі сағат 19:00-ден кейін ашық болады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған аумақты айналып өту жолдарын алдын ала ойластыру сұралады.
Show all...
Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. t.me/atyrauoil
Show all...
🎓 Атырауда қысқа мерзімді оқуды аяқтағандар, үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік Коммуникациялар қызметі. - Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері "Теңізшевройл" компаниясының қаржыландыруымен жұмыссыз азаматтарды лек-легімен оқытып жатырмыз. Оларды жұмыспен қамту шараларын да қатар жүргізудеміз. Соның бірі – "бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі болып табылады. Осы жәрмеңкеге оқуды аяқтаған 200 азамат арнайы шақыртылып, 14 ірі кәсіпорын өкілдері қатысты. Мұндай іс-шаралар әлі же жалғасын табады. Жұмыссыз азаматтардың түйіндемелерін қабылдаған кәсіпорындармен байланыста боламыз, деді Е.Әбілқасымов. Бөлім басшысының айтуынша, биыл "ТШО" компаниясының қолдауымен 1000 адамды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту жоспарланған. Қазір оқыту іс-шарасы жоспар бойынша жалғасуда. Айта кетейік, әр оқытылған қысқа мерзімді курстан соң азаматтардың 70-80 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. @atyrauoil
Show all...
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді Ол Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.
Show all...
📌 Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді Оған әлемнің бірқатар елінен 50-ге жуық делегация қатыспақ. Шараның маңыздылығы өте жоғары. Кеңеске 27 ел мүше. Саммит барысында бірқатар шешім қабылданады деп жоспарланып отыр. Жақын арада! @atyrauoil
Show all...
🇹🇷🛬Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін елорда әуежайында күтіп алды. @atyrauoil
Show all...