cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Атырау

Атырау облысы, қала және Қазақстанның ең маңызды, талқылаулы ақпараттарды жазбаша қазақ тілінде таратын телеграм арнасы, @atyraucity 🔹Ресми channel Бізге жазылыңыздар! Тек маңызды, жазбаша түрде ақпараттар!

Show more
Advertising posts
293Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ораза кестесі Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні сәуір айының 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр. 21 сәуір - Ораза айт. Пітір садақасы - жан басына 535 теңге. Қазақстан қалаларының 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесіне сілтеме
Show all...
🚌 Атырауда кейбір қоғамдық-көлік қозғалыстары ретке келтірілді «Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың хабарлауынша, қазіргі уақытта №50, 53, 64 автобустың қозғалысы реттелді.   Айта кетейік, толассыз жауған қардың салдарынан қалада кейбір автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. дереккөз: atpress.kz @atyraucity
Show all...
📚Атырауда жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер оффлайн оқиды Бұл туралы AtyrauPress облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. "9 қаңтардан бастап облыстағы (қала, аудан) 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері оффлайн режимде оқиды. Ал 0-4 сынып оқушылары оқуларын онлайн форматында жалғастырады" делінген хабарламада. @atyraucity
Show all...
❄️ Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала іші мен маңы қардан тазартылуда 70-ке жуық техника мен арнайы жасақтар қаланың іші мен қала маңындағы шағын аудандардың көшелерін тазарту жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды AtyrauPressоблыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов күн райының күрт бұзылуына байланысты қаладағы қар тазалау жұмыстарын жүргізуге қосымша техникаларды жұмылдырды. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, 70-ке жуық техника мен арнайы жасақтар қаланың іші мен қала маңындағы шағын аудандардың көшелерін тазарту жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Серік Шәпкенов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. @atyraucity
Show all...
❄️ Қалада қар тазалау жұмыстары жүруде.. "Қалың қарды қаладан шығаруға  19 техника жұмылдырылып, 220 жұмысшы тартылды. Бүгін қаладан 920 шаршы метр қар шығарылып, 38 тонна арнайы реагент себілді. Жеті трактор жолдарды қардан тазалап жатыр. Ал, екі "КамАЗ" көлігі ауылдық округтерге арнайы реагент себуге шығарылды" делінген Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Show all...
⚡️Атырау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды Ол «КМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Бұл туралы kmge.kz сайты мәлім етті. 1983 ж. – И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген
Show all...
🚘 Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды Бүгінде шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша 33 975 өтінім мақұлданған. 9 658 автокөлік сәтті заңдастырылды. ❗️Еске салсақ, шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автокөліктерді сатып алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасында 10 жұмыс күні ішінде тіркеуі керек. Ақпарат: Қазақстан ұлттық арнасынан @atyraucity
Show all...
🤼‍♂️ Тұщықұдықта дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында нысанның құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ас-Құрылыс» ЖШС. Спорт кешенінің жалпы ауданы 818,88 шаршы метр. Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Полымбет Хасанов қатысып, тұрғындарды құттықтады. — Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, жыл сайын спорт нысандарының саны артуда. Бұрын спорт кешені тек аудан орталығында болса, 2021 жылы Жанбай ауылында ашылды. Міне бүгін Тұщықұдықтан ашылып отыр. Мұндай нысандар Х.Ерғалиев ауылы мен Исатай ауылынан салу үшін құжаттар жасақталуда. Сонымен қатар өткен жылы Аққыстау ауылынан көп нысаналы спорт алаңы салынып, пайдалануға берілгенін де айта кетейін. Оған қоса Зейнеден ауылынан өзге ауылдық округтерде кіші аяқдоптан футбол алаңшалары салынып, жаңартылып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да бұл саланы дамыта беретін боламыз,- деді П.Хасанов. Сондай-ақ спорт саласының ардагері Бердібек Қайраханов пен ардагерлер арасында қол күресінен Әлем чемпионы Алмагүл Қанатова сөз сөйлеп, ауданнан спортшылардың көптеп шығуына тілек білдірді. Айта кетейік, спорт кешені бірінші қабатта үлкен ойын залы, екінші қабатта жаттығу бөлмесінен тұрады. Кешенінің қасында кіші футбол алаңы бар. @atyraucity
Show all...