cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Сөз:

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат. Insta: https://instagram.com/qazsoz_ Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
1 026
المشتركون
-124 ساعات
-27 أيام
-1530 أيام
أرشيف المشاركات
Мына сілтемеге кіріп жоғары оң жақ жоғарыдағы +1 деген кнопканы басып жіберіңіз. Бұл - андроид телефондарға қазақша сөздерді дыбыстау қоссын деген өтінім. Гугл осы жердегі сұраныс саны неғұрлым көп болса, сол өтінімге соғұрлым жіті назар салып қарастырады. Reposts are welcome https://issuetracker.google.com/issues/259111471
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Сөз: Қомсыну етістік Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау. - Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять. Қарайды да алтынға, Қомсынады "аз ғой",— деп, "Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп. 📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан) Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым! 📖 А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма Нәрсем болса бергендей Әлдеқашан сатпас пем. Серінің сөзін қомсынып, Сен, ит, сенбей тұрмысың 📖 Ж.Аймауытов шығармасынан Ортасында осынау бір қоныстың Қомсынады ол бір өзін. Буырқанған тройкадай орыстың Ұнатады ол мінезін. 📖 М.Мақатаев, Ильич Қыз қадірін түсіріп, Емес мұным қомсыну. Әйтсе де не түсініп Отыр дейсің сол сұлу! 📖 Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан Дереккөз 1; Дереккөз 2
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Сөз: Жалқын зат есім Алаулаған жалын - Пламя Бұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың жалқыны Қол-аяғын от ішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны 📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсы Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр. 📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ Алаулаған, алқызыл жарық. Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де. Жалқын сәуле шашып еді батқан күн, Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың, 📖 М.Шаханов, Танакөз Сол көктемгі көкжиек -қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген 📖 О.Бөкей, Үркер Жалқынданып күн батар, Ай да туар нұрланып. Біреу сезіп тіл қатар, Шық үйіңнен ұрланып 📖 С.Мәуленов, Шық тезірек қалқашым Дереккөз 1; Дереккөз 2
إظهار الكل...
#үйрену #оқулық 📚 Әбутәліп О. М. - Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу (2013) @filologiyakitaptari
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
إظهار الكل...
#оқулық 📚 Сыздықова Р. - Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX ғасырлар) (1993) @filologiyakitaptari
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Сөз: Десте зат есім 1. Оралған егіннің бумасы; 2. Буда, шоқ, топ; 3. Деректер шоғыры (инф.) - 1. Свернутый стог сена (тюк, рулон); 2. Стопка, пачка, группа; 3. Пакет данных Қайран біздің жеңгейлер! Өскен ерен, Егін орып, бау байлап, дестелеген. 📖 М.Мақатаев, Қайран жандар Жиналған көп әлеумет, Тыңдасаң кепті шертейін. Әңгімені дестелеп, Түйдегімен кертейін 📖 С.Сейфуллин, Ұйымдағы әрбір азамат — жалшының қорғаушысы Осы дестелеп ору деген бір пәле басты қатырды. - Нұржан Тәженді қолтықтап, оңашалау апарды. 📖 З.Шашкин, Өмір тынысы Әрбір дестеде алушының (қабылдаушының) адресі көрсетіледі. Бағдарлауыш осы мәліметті пайдалана отырып, әрбір десте үшін бағдар тандайды. 📖 Уикипедия, Десте Дереккөз 1; Дереккөз 2
إظهار الكل...
Көп атала бермейтін тағы бірнеше балық атауы Осы жазбада аталған балықтар: Бекіре (осетр); Жайын (сом); Қаракөз (вобла); Қарша (килька); Сүйрік (стерлядь) және Майбалық (шпроты). Дүкен базарда жүргенде айта жүрейік, біз бастамасақ сол қалпы "орысшыл" боп қала бермекпіз.
إظهار الكل...
Соңғы 7 жылда Gov.kz, eGov Mobile, Kcell / Active, Tele2 / Altel, Dom.kz, Jusan.kz, Kinopark.kz секілді, жалпы қолданатын адам саны 18 млн асатын түрлі танымал жобаларды жасап үлгердік. ҚБТУ, ХАТУ, ҚазҰУ, СДУ, Назарбаев Университеті, АлмаУ сияқты университеттерде 2000 мыңнан астам студенттерді бағдарламалау мен дизайн бойынша оқыттық. nFactorial Incubator білім беру жобасына ат салысып, соның аясында 500-ден астам студентке бағдарламалау бойынша білім бердік. Сөйтіп, өзіміздің курсымызды бастауға әбден пісіп жетілдік. Бұл курс ерекшелігі (көптеген ерекшеліктер ішінде), біріншіден қос тілде (қазақшасын өзім жүргізетін боламын), екіншіден алдын ала жазылған видеолар емес, дәрістер мен практика сабақтары тікелей эфирде өтетін болады. Одан басқа ерекшеліктерге: whatsapp арқылы тоқтаусыз білім алу, курста көрсеткен жақсы көрсеткіштер үшін түрлі сыйлық алу, бір уақытта ұстаз, курстастармен бірге жұмыс істеу және т.с.с. Дизайнгер деп жаңа сөз енгізген мақұл көргеніміз, әуелі сазгер, зергер, дәрігер сияқтыларға жақындатып, қазақшалап, сосын киім немесе интерьер дизайнерлермен шатастырмайтындай қылу (әйтпесе дизайнер десең бірінші сол мамандық иелері ойға келеді). Дизайнгер деп біз тапқырлық, ісмерлік, кәсіпқойлық, технология әрі болашаққа назар бұру арқылы адамдардың өмірін жақсарта алатын, соны жақсы жаққа өзгертуге тырысатын адам деп білеміз. Және бүкіл адам осы сипаттарға сай екеніне еш шүбәміз жоқ. "Қалай сонда?" десеңіз: өзіңізге, немесе айналадағы адамдарға назар салсаңыз, әрбір адам айналасын, қолданып жүрген заттарын өзінің я басқаның ыңғайына өзгертіп, бір төте жол тауып жүрегенін көресіз, осының бәрін дизайн деп атаса болады (курс барысында осы сөзімді ашып бере жатармын). Яғни бір сөзбен әрбір адам дизайгер 😏 Сонымен, қысқаша: Бұл product және UX/UI дизайнды тың жолмен игеруге мүмкіндік беретін курс! 🕒 Ұзақтығы: 2 ай 🏁 Басталуы: 26 қыркүйек, 2022 ж ▶️ Форматы: стрим + онлайн ⭐️ Қазақша және орысша 💲 Бағасы небәрі 5000 теңгеден басталады (сайтта тарифтерді көрсеңіз болады) Кімге арналған? ☑️ Өз идеясын жүзеге асырғысы келетіндерге ☑️ Фриланс арқылы жұмыс істегісі келетіндерге ☑️ Жаңа саланы көргісі келетіндерге Қосымша ақпараттың бәрі төмендегі сілтемеде: https://dizainger.com/ Сұрақ сауалдарыңыз болса, осы жазба астына пікір жазып я жекеме жазсаңыздар мархабат. Көп рақмет! Күндеріңіз сәтті болғай!
إظهار الكل...
00:49
Video unavailableShow in Telegram
Сәлем! Бұл арна авторы Ильяс Жолдасбай. Осы арнаны оқып, қолдап жүргендеріңізге көп алғыс! 🙌 Сіздмен бөлісер бір жаңалығым бар еді: қазір істеп жүрген компанияммен өнімдік, UX/UI, яғни дижитал/интерфейс дизайн бойынша курс бастағалы тұрмыз!
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Сөз: Мелдек зат есім Кеңірдек, тамақ - Горло, глотка Мелдектеу — шамадан тыс тою (объедаться) Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып, Батқандай мелдегінен нұрға қалқып. 📖 С.Торайғыров, Шілде Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел 📖 Ш.Мұртаза, Қызыл жебе Өтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын 📖 С.Жүнісов, Өшпейтін іздер Күшіктің бөлтірікке айналар кезінде оларды қансоқтыға мелдектетіп, жондандырып өргізбек болды 📖 Т.Әлімқұлов, Шежіре Дереккөз 1
إظهار الكل...
Repost from Ескі сурет
Photo unavailableShow in Telegram
Бірінші қатарда: сол жақтан бірінші — қырым татар ғалымы Бекир Уақапоғлы, екінші — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, үшінші — педагог, ғалым Біләл Сүлейұлы. Екінші қатарда: сол жақтан бірінші — әйгілі әнші Әміре Қашаубайұлы, екінші — лингвист ғалым, физик Елдес Омарұлы, үшінші — әзербайжан ғалымы Фархад Рагимоғлы Баку қаласы, 1926 жыл, 1 наурыз (с) фб Гульжан Касымбек
إظهار الكل...
01:46
Video unavailableShow in Telegram
Қазақша мәтінді аудио қылып оқып бергенде Microsoft Edge браузері алдына жан салмайды екен (pun intended). Өзіңіз тыңдап көріңізші, әп-әдемі оқиды! Видео мына туиттен алынды
إظهار الكل...
Ал сен Қазақ тілін қойып па едің? 🫵
إظهار الكل...
iOS 16 шықты! 🥳 Бұл жаңартылымда қазақша интерфейс болады. Сондықтан бәріміз орнатып алайық! Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосыңыз! #iOS
إظهار الكل...
#ғылыми | #сөздік 📚 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі (2013) @filologiyakitaptari
إظهار الكل...
Көп атала бермейтін құрал-сайман Осы жазбада аталған құрал-сайман: Зімпара, егеуқұм (наждак),білікше (валик), бұрандама (болт), сомын (гайка), бұрамашеге (шуруп), зілбалға (кувалда), бәрбі, үскі, бұрғы (дрель, сверло), дәнекерлегіш (паяльник), төс (наковальня)
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Абаев, мұнда «Базз Лайтерден» де маңызды мәселе бар «Қайрат» футбол клубының жүргізушісі Әділет Бисариев қазақ тілінде хабар таратқаны үшін командадағы жұмысынан босатылған. Мұны ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Жұмыстан босатылуына футбол клубының демеушісі 1Xbet букмекер компаниясының шағымы себеп болған. Мұны жүргізушіге «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов айтқан. Әділеттің сөзінше, шағымда «одиниксбет» сөзінің орнына «уаниксбет» қолданғаны да айтылған. Ол 1Xbet өкілдерімен де сөйлескен. Компания қызметкері «Ты ведешь на тойском», «Что такое Әп бәрекелді?» деп айтқан. Әділет бұл жағдайды қазақ тіліне қыспақ дейді. Сонымен қатар жүргізуші жұмыс кезіндегі қазақ тіліне қатысты мәселелердің бар екенін айтты. Әділет іс-шараларда қазақша сценарий мүлдем алмағанын, ойындарда қазақша әндер қосылмайтынын айтады. Әділеттің сөзінше, «Қайрат» командасы өзін халық командасы деп таныстырғанымен, қазақ тілін менсінбейді.
إظهار الكل...
https://www.youtube.com/watch?v=I1M1nhaxKdk Берке Шамшиден пен Кана Бейсекеев түсірген деректі фильм. Орысша, қазақша аралас. Көзашар әңгіме.
إظهار الكل...
Repost from Qazaq Lab
Слова-палиндромы (одинаково читаются в обе стороны) в казахском: аға - старший брат ана - мать апа - мать/сестра/бабушка в зависимости от региона/предпочтений ата - дедушка ене - свекровь/тёща іні - младший брат ала - пёстрый ара - пчела; пила; промежуток ауа - воздух қабақ - веко; тыква (отсюда кабачок) қазақ - 🇰🇿❤️ қызық - интересно қылық - п(р)оступок, поведение қырық - сорок қытық - щекотка кезек - очередь керек - необходимо кек - месть көк - синий (зелёный) надан - невежда нан - хлеб; тесто шаш - волосы ірі - крупный #qzlabvocab тағы қандай мысал білесіз?👀
إظهار الكل...
Алғашқы қазақ комиксі 😍
إظهار الكل...