cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Dauletten

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
399 945
المشتركون
+12 42124 ساعات
+18 7327 أيام
+41 29430 أيام
أرشيف المشاركات
Photo unavailable
📢Зардап шеккен азаматтарға ҮКІМЕТ тарапынан берілетін көмек👇 ➡️Қалпына келтіруге жатпайтын тұрғын үйлердің орнына ДАЙЫН БАСПАНА САТЫП АЛУ немесе ЖАҢАСЫН САЛУ; ➡️Саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері 100 АЕК-ке дейін болады. Бұл ретте, егер саяжай жалғыз баспана немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, онда әкімдік басқа тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастырады; ➡️100 АЕК мөлшерінде БІРЖОЛҒЫ ӨТЕМАҚЫ төленеді; ➡️Өлген малдың нарықтық құны туралы қолда бар деректер негізінде шығынды өтейді; ➡️Зардап шеккен тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өтемақы алу; ➡️Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың несие төлемдері 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін автоматты түрде 3 АЙ МЕРЗІМГЕ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕТІН болады; ➡️Уақтылы төлемдерді кешіктіргені үшін зардап шеккен азаматтардың несиелері бойынша АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДАР ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ; ➡️Су тасқыны шаруашылық қызметін тоқтатуға әкеп соққан барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың ұсынған өтініштерін ескере отырып, НЕСИЕЛІК ТӨЛЕМДЕР КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ (банкке тікелей жүгіну қажет); ➡️Су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін: − барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін кейінге қалдырылады; − 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусым аралығында басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылады; - мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтата тұрады. ❗️Бұл көмектің барлығын жергілікті атқарушы органдар орындайды. Яғни жергілікті ӘКІМДІККЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК! Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 177 64🤬 28👎 16😢 14💔 8🤔 7👏 5😁 4🤗 2🔥 1
Арнайы 6-17 жас аралығындағы балалары бар ата-аналар үшін!🤯 Қазақстанда балаңыз есепті толық әрі дұрыс шығарғаны үшін ақша (кэшбэк) беретін жалғыз курс бар. Ол – Qalan математикалық платформасы. Осы уақытқа дейін оқушыларға 315 000 000₸ кэшбэк беріп үлгерген. Бұл платформа көршілес Ресей мен Өзбекстанда да үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Осы уақытқа дейін 25 000 + оқушының математикадан шынайы деңгейін анықтап, ҮЗДІК болуына көмектесті🔥 Ал ДӘУЛЕТТІ оқырман, балаңыз математикадан қай тақырыпты түсінбей жүргенін білгіңіз келеді ме?🤔 Ендеше, Qalan математикалық курсының ТЕГІН есептерін дәл бүгін балаңызға шығартып көре аласыз! Бар болғаны 50-ақ орын! Үлгеріп қалыңыздар! 👇 ТЕК БҮГІН! https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask Орын саны шектеулі! *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 34 16
00:34
Video unavailable
❗️Видеода балағат сөздер бар🤬 😱Әлеуметтік желілерде тағы бір тұрмыстық зорлық-зомбылық видеосы тарады Видеодан ер адамның әйелді ұрып-соққанын және жерде бала жатқанын байқауға болады. Оқиға Алматы облысында тіркелген. 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Dauletten
إظهار الكل...
😱 258🤬 147👍 84 21😭 18👀 6🤯 5🥰 1
✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды Оған сәйкес: ➡️денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. ➡️өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. ➡️кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. ➡️16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. ➡️кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. ➡️16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Айта кетсек, Тоқаев өз жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Тату-тәтті, бір-бірімізді түсініп, ұрыс-керссіз өмір сүрейік ағайын!🙌 Dauletten
إظهار الكل...
👍 602 93👏 41👎 21🔥 15🤝 14👀 3😁 2
Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы ақпаратты жариялады: ▪️102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала эвакуацияланды; ▪️10 120 адам үйіне оралды; ▪️6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала уақытша орналасу пунктіне орналастырылды; ▪️9,1 млн. текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді; ▪️3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.
إظهار الكل...
👍 233😭 65🤬 47 39🔥 13🤯 3
Даулетті оқырман, қалай айына 1 000 000 тг табуға болатынын білгіңіз келеді ме?🧐 МЕМЛЕКЕТТІК БИЗНЕС ЖАСАП, ЯҒНИ ТЕНДЕРМЕН АЙНАЛЫСЫП, АЙЫНА 1 МЛН ТГ ТАБУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛДІҢІЗ БА? Егер білмесеңіз 14 сәуір күні тендерде 5 жылдық тәжірибесі бар Гүлдана ханым тендер бойынша ТЕГІН практикалық сабақ өткізгелі жатыр. Сіздерге сабақта жетістікке жету формуласын, госзакуп, Омаркет плафтормаларын және ақша салмай, рисксіз бизнес бастаудың дайын схемасы береді✅ ТЕГІН САБАҚ: 🔻үйде отырған аналарға; 🔻студенттерге; 🔻зейнеткерлерге; 🔻мұғалімдерге; 🔻мемлекеттік жұмыскерлерге; 🔻ақшасы бар қалай көбейтуді ойлап жүргендерге арналған.ТЕГІН САБАҚ 14.04.2024 КҮНІ САҒАТ 21:00! Тендердің біраз құпияларын ашатын тегін сабаққа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, каналға тіркеліп алыңыздар👇 https://t.me/+xzuHXnTkX3AwOTU6 https://t.me/+xzuHXnTkX3AwOTU6 https://t.me/+xzuHXnTkX3AwOTU6 *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 70 23🤔 10👀 5👎 4😁 4😢 2😭 1
Елімізде 2030 жылға дейін 57 жаңа су қоймасы салынады Су ресурстары және ирригация министрлігі кешенді жоспар әзірледі. 📝«57 жаңа су қоймасын салу, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңарту жоспарланып отыр», - деп хабарлады министрлік. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау жоспарлануда. Dauletten
إظهار الكل...
😁 142👍 128 46🤔 34💔 4🫡 4🤯 2
Арнайы 6-17 жас аралығындағы балалары бар ата-аналар үшін!🤯 Қазақстанда балаңыз есепті толық әрі дұрыс шығарғаны үшін ақша (кэшбэк) беретін жалғыз курс бар. Ол – Qalan математикалық платформасы. Осы уақытқа дейін оқушыларға 315 000 000₸ кэшбэк беріп үлгерген. Бұл платформа көршілес Ресей мен Өзбекстанда да үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Осы уақытқа дейін 25 000 + оқушының математикадан шынайы деңгейін анықтап, ҮЗДІК болуына көмектесті🔥 Ал ДӘУЛЕТТІ оқырман, балаңыз математикадан қай тақырыпты түсінбей жүргенін білгіңіз келеді ме?🤔 Ендеше, Qalan математикалық курсының ТЕГІН есептерін дәл бүгін балаңызға шығартып көре аласыз! Бар болғаны 50-ақ орын! Үлгеріп қалыңыздар! 👇 ТЕК БҮГІН! https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask Орын саны шектеулі! *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 43 15
Photo unavailable
Осы демалыста Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматыда сізді көрмелер мен қысқаметражды фильм көрсетілімі, ал Астанада көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде👇 https://t.me/uidezhatpa *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 26🥰 2
04:23
Video unavailable
Қазір еліміздің көп аймағында қиын жағдайлар болуда. Алайда бірлігі берік халқымыз бәріне дайын. Жұмылған жұдырықтай бірлігіміз болса, біз еңсермейтін апат жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🤲 Dauletten✅
إظهار الكل...
🙏 555👍 134💯 33 11😁 10👏 5🫡 5👀 3😢 2
📱Қазақстан банктері 2025 жылы бірыңғай QR-код жүйесіне өтеді Бұл дегеніміз қай банктің клиенті болсаңыз да, кез келген терминал арқылы төлем жасай алатын боласыз. 🗣«Мәселен, қазір дүкенге барғанда, сізден Halyk немесе Kaspi арқылы төлейсіз бе деп сұрайды. Ал Kaspi терминалы Halyk қосымшасын қабылдамайды», - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов. Ол жыл соңына дейін жүйені пилоттық режимде қосуға уәде берді. Ал келесі жылдан бастап оған барлық банктер қосылатын болады. Dauletten
إظهار الكل...
👍 374👏 37 16👎 11😍 11🔥 9👀 3🤯 1
📆Биыл қазақстандықтар 8 мамыр күні демалады Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбі күнінен 8 мамыр сәрсенбі күніне ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Сонымен қазақстандықтар үш күн қатарынан 7,8 және 9 мамыр күндері демалады. 🟡7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 🟡9 мамыр – Жеңіс күні. 📌Ал 4 мамыр жұмыс күні. Dauletten
إظهار الكل...
👍 488👏 77🤔 27😍 26👎 22😨 15 13
😍Отбасы банкте жаңа ипотекалық бағдарлама - "Наурыз" Басты шарттары қандай? Өтінім берерде нені ескеру қажет? Толық ақпаратты бірінші болып біле отырыңыз.👇 ➡️ https://whatsapp.com/channel/0029VaE0Y0wJ93wbYAIwgz3v
إظهار الكل...
79👍 63🤔 21👀 20🤯 5🙏 5🔥 2
Photo unavailable
💰Қанат Шарлапаев: Жалға берілетін 22 мың пәтердің құрылысына 300 млрд теңге бөлінеді Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп және құрылыс министрі айтты. ✅Мемлекет басшысы апаттан қираған үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 225🤔 66 27😭 15👏 10💔 7🙏 1😨 1🫡 1
Photo unavailable
“БІРДЕҢЕ БАСТАУ КЕРЕК ЕДІ, БІРАҚ…” деп жүрген болсаңыз👇👇👇 🕗Бірдеңе бастайын десем үйде отырмын, балам бар, ешқайда шыға алмаймын немесе бір айлық жетпейді деп отырған әйелдер қауымына оқырман Дана ханымды үлгі етуге болады. Дана ханымда үйде отырған декреттегі 2 баласы бар әйел. Үйде отырған әйел 5-6 сағатын ас үйде өткізбей ме? Дана ханым осы ас үйде өткізген 1-2 сағатын тиімді пайдаланып табыс көзіне айналдырған. 🔋4 жыл бойы ас үйінен жасаған 6 түрлі өнімді магазин, аптека және фитнес орталықтарға сатып айына 2 млнға жуық табыс тауып отырған кәсіпкер. Жасап жатқан өнім табиғи-таза болғандықтан сұраныста жоғары. Білгенін дәл өзі секілді үйден табыс тапқысы келетін әйелдерге үйретіп, олардың айына 500.000нан💰 жоғары табыс табуына себепкер болып отыр. 18 күнде 1 млн тапқан шәкірті де бар. 📍Бірдеңе бастау керек еді деп ойланып жүре бермей бүгін 21:00 болатын Дана ханымның “АС ҮЙДЕН КӘСІП БАСТАП 500.000тг ЖОҒАРЫ ТАБЫС ТАП” атты ТЕГІН ЭФИРІНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ. ✅Эфирде Дана ханым ас үйден ерекше қандай 6 өнім өндіріп жатқанын және ол кәсіпті қарапайым әйел қалай жүйелейтінін түсінесіз. Эфир 21 жастан асқан және табыс тапқысы келетін кез-келген категориядағы әйелдерге арналады. ❗️ТЕГІН ЭФИРГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕГЕ ӨТІП ЭФИР БОЛАТЫН ЖАБЫҚ ЧАТҚА ТІРКЕЛІҢІЗ 👇👇👇👇👇👇👇👇👇 https://chat.whatsapp.com/LwkOgFl3lmK0MqUU2n2CTU *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 42 15
❗️Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты тұрғындарға ескерту жасады Министрлік тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа бірқатар қауіпсіздік ережелерін жариялады: ➡️Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;⁠ ➡️Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз; ⁠➡️Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз; ➡️Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз; ⁠➡️Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз; ➡️Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет. Dauletten
إظهار الكل...
👍 193😱 54 50👏 9🤬 8🏆 7😨 1
Repost from Dauletten.kz
‼️Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің Telegram арнасында хабарлады.
إظهار الكل...
😢 164👍 77💔 46🙏 31 28🫡 3🤯 2
🥲Енді жетпегені осы еді… ❗️Алматыда сағат шамамен 13:46-да 2 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі нақтыланып жатыр. Сезілді ме қалалықтар?👇 Dauletten
إظهار الكل...
👀 276😢 114 35🙏 29👍 26🤯 25😁 9💔 9🔥 8
05:02
Video unavailable
🗣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 196👎 124👏 23🙏 23 22🤬 17😍 11🏆 2
Repost from UKIMET
Photo unavailable
📌Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр. 📍Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. ❗️Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру. 📱 https://t.me/KZgovernment
إظهار الكل...
👍 104👎 101 48🤔 6👏 5🔥 4🙏 2🤝 2🫡 1
Photo unavailable
📱ТЕГІН БІР ЕМЕС БІРНЕШЕ IPHONE 15 PRO MAX! Иә, сіздер шалыс естімедіңіздер. JANAPOST компаниясы ТЕГІН КОНКУРС ойнатып жатыр. Қатысу: тегін 🟢Шарттары: Пиндуодуодан мейлінше көп тапсырыс беру, инста парақшаға тіркелу (janapost.kazakhstan) ❗️ Толығырақ төмендегі сілтемеде👇 https://www.instagram.com/reel/C5Qmcndid6M/?igsh=bXQ0dGEzODc4NWxp *серіктестік материал
إظهار الكل...
🤔 27👍 21 12😭 4😁 2
Су басқан Қостанай облысы, Жанкелді ауданына мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Dauletten" қайырымдылық қорының атынан 2,5 тонна гуманитарлық көмекпен барып қайтты. NEGE тілшісінің сауалына жауап берген ол шалғайдағы аудандағы көзімен көрген жайтты баяндап берді. Толық сұхбатты мына жерден оқи аласыздар👇 https://nege.kz/news/daulet-mukaev-mazhls-deputati-populist-degen-adamnin-oz-br-kap-kum-bolsa-da-sebuge-atsalissin-ca151f
إظهار الكل...
👍 212 26👏 20🙏 13😍 9😁 1
Photo unavailable
Қазақстанда кальянға толығымен тыйым салынбақ Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жоғары температурада химиялық реакция арқылы қыздырылған түтін өкпені тікелей зақымдайды. Министрлік биыл реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жоспарлап отыр екен. Соның нәтижесі бойынша кальянның, кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларының айналымына толық тыйым салуды заңнамаға енгізу мәселесі қаралады дейді. Кальянды қазір қоғамдық орындарда тартуға шектеу қойылған. Мысалы, тыйым салынған орындарда қорқор тартуға 55 мың теңгеден бастап, 185 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Десе де соманың аздығы кәсіпкерлердің заңнан аттап өтуіне жол ашып жатыр. Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 888👏 123 58🔥 32👎 16🤔 4🫡 2🙏 1🤝 1
📷✈️Әлеуметтік желілерді ашып қалсаң: Бишімбаевтың соты, сонымен қатар, су алған аймақтар болып кетті ме? Бәрі тынышталып, позитив жаңалықтар көбейсе екен елімізде…😔 Dauletten
إظهار الكل...
608👍 399🙏 88😢 85🤝 48😁 18💔 17👏 9👀 8
Photo unavailable
Қуат Ахметжанның “аудиокітап” арнасы. Қызықты мәліметтер, аңыз, тарих, әдебиет, сұхбат, ұлттық құрдылық-бәрі осында. Жазылып, тегін тыңдаңыздар.👇 🔵https://t.me/KuatAhmetzhanov
إظهار الكل...
👍 186 42🔥 20👏 16👎 6❤‍🔥 4🙏 1💋 1
Photo unavailable
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды 💰Ол тендер кезінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті 2 айға қамауға алынды. Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 375👏 51🤔 36😁 31 22👎 9❤‍🔥 2
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. ➡️6 сәуірден бастап еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығына балаларды қабылдайды. ➡️Балаларға оқу процесі толық ұйымдастырылады. Dauletten
إظهار الكل...
👍 445👏 74 38🤬 11🤯 8
Freedom Holding Corp. компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге жібереді   2024 жылғы 2 сәуір, Алматы қ.   Қаражат «Freedom Шапағат» арнайы қайырымдылық қорынан (Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компаниясы) «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының шотына аударылады.   Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры: 🗣«Қазір біздің отандастарымыз, яғни үлкен отбасымыздың бір бөлігі үлкен сынақтан өтіп жатыр, ал біз мұндай жағдайда бей-жай отыра алмаймыз. Біз осындай қиын уақытта қашанда бірге болып, көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше жәрдем көрсетуіміз керек. Отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бұл қиындықты жұмыла жеңеміз деген сенімдемін».   Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлерінде көктемгі су тасқынына қарсы күрес жүріп жатыр. Олардың ауқымы 30 жылда ең үлкен болып саналған 2012 және 2017 жылдардағы су тасқыны деңгейінен асып түсті. ҚР ТЖМ деректері бойынша бүгінгі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Су басу аймағында бес облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жариялады. *серіктестік материал   Dauletten✅
إظهار الكل...
👍 371 57👏 48🙏 14🔥 10🤔 6👀 5🥰 2🫡 2😁 1
💰Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 млн. теңгеден беріледі Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, қаржы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың үйлерін қалпына келтіруіне арналған. 🗣«Бұл бір пәтердің құны. Бір шаршы метрі 281 мың теңге болады. Жөндеуді қажет ететін үйлердің нақты саны белгісіз», - деді ол. Министр ведомствоның су тасқынынан зардап шеккендер туралы мәліметтерді әлі де жинап жатқанын жеткізді. Dauletten
إظهار الكل...
👍 554👏 72 46🤔 35😍 16👌 9😁 7🥰 6🫡 6🙏 3😎 3
🏠Мамыр айының 1-нен бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бағдарламаның мақсаты үшін «Отбасы банкі» 300 миллиард теңге тартуда. Бұл бағдарламаның жалпы мөлшері дейді. 🗣«Халықтың әлеуметтік осал тобы үшін мөлшерлеме 7% -дан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шарттарын толық жариялаймыз», – деді Қанат Шарлапаев. Министр қаражат қажетті әрі жеткілікті түрде жұмсалатынын жеткізді. Dauletten
إظهار الكل...
👍 332 68👏 34👀 22💯 7🔥 4
🤩300млн ақшаны оқушыларға берген платформа 🤯 Оқушыларға математикадан ҮЗДІК болуға көмектесіп қана қоймай, есеп шығарғаны үшін ақша беретін Қазақстандағы жалғыз курс Qalan. Дәулетті оқырман, балаңыз математикадан 4-тоқсанға дайын ба?🤔 Бұл тұста сізге, 10 жылдық тәжірибемен біз, Qalan математикалық тренажері 25 000+ оқушыға математикадан білімін арттыруға көмектескендей сізге де көмектесеміз. 😍 Балаңыз есептерді сіздің көмегіңізсіз қиналмай шығарғанын қалайсыз ба? Осы орайда, жаңа оқу жылына арнап, арнайы ДӘУЛЕТТІ оқырманы математикалық есептерді ТЕГІН шығарып көре алады! ТЕК БҮГІН! https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask https://qalanmath.kz/dauletten_freetask Алып үлгеріңіз! *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 53 10🤔 4
Photo unavailable
БИЗНЕС БАСТАҒЫСЫ КЕП ЖҮРГЕН ӘР ҚАЗАҚ ЕСТУ КЕРЕК🫵 🇨🇳Қытайдан арзан жолмен тауар заказ беріп, одан оны ұзақ күтіп, түбі сапасыз заттарға ұрынып қалғандар бар шығар. Соларға арнап Қазақ нарығында JanaPost деген бағдарлама шықты. Мүмкін араларыңда естігендер де бар шығар. Қолданыста кез-келген банк карточкасы, әрі қазақ тілінде тауарлар заказ беруге болатын ыңғайлы платформа. Бірақ айтарымыз ол емес… - Осы Janapost негізін қалаушылар Қытаймен бизнес жасайтын жандарды іздейді. Қазақстаннан филиал ашып, әрі қарай шаруа қылам деушілерге, үйде отырған келіншектерге де жақсы ұсыныс. Осының барлығын БҮГІН КЕШКЕ 21:00 де ТЕГІН МАCТЕР-КЛАССТА бөліспекші. 🗣Спикерлер: 1. Бизнесте 13 жылдық тәжірибесі бар, эксперт - Мейірбек Бердібайұлы 2. Janapost негізін қалаушы - Сержан Тоқай Тегіннен құр қалма, төмендегі сілтемеге өтіп қатысып үлгер👇 https://clck.ru/39mpmw https://clck.ru/39mpmw https://clck.ru/39mpmw *серіктестік материал
إظهار الكل...
👍 55 19🤔 6😭 5🙏 3
Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды Үкімет басшысы Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. Штаб басшысы – Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды. Штаб отырысында әкімдер мен министрлер су тасқынына қарсы күрес шараларын баяндады: ➡️Уақытша орналастыру бекеттерінде қазір 5 456 адам бар. ➡️Су шайып кеткен 40 автожолды, көпірді және 39 жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынды. ➡️Көлік қатынасы тоқтап қалған елдімекендермен байланыс орнатылып, әкімдіктер азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорларын дайындады. ➡️Жұмысқа 7 мыңнан астам адам, 2000 техника және әуе кемелері тартылды. Dauletten
إظهار الكل...
👍 212 47🙏 42👏 13🤔 9🤬 7😁 5👀 5👎 4🫡 2
Photo unavailable
⚡️Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды Бұған дейін ол Президент кеңесшісі қызметін атқарған.
إظهار الكل...
👎 387👍 107🤯 39 27👀 16😁 10🤬 6🔥 3❤‍🔥 1
Photo unavailable
Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді. Сонымен қатар бірнеше шенеунікке қатаң СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ. Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.
إظهار الكل...
👍 324👎 67 60🤬 35👀 26😁 20👏 12💯 9😭 2🤝 1
Photo unavailable
🔥БҮГІН СОҢҒЫ КҮН!😱😱😱 Жеңілдікке үлгеріп қалыңыз! 1+1 + жеткізу = 5200 теңге (9400тг) Тек наурыз айы бойы! Аз ақшамен бизнес бастауға болатын 100 кейсі бар "Бизнеске бағыт" және ақша жинауға арналған "Жинақ Таймс" күнделігіне ДӘЛ ҚАЗІР ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАСЫЗ 👇👇👇 http://wa.me/77786831193 Әрекетке берекет❤️
إظهار الكل...
👍 51 11🤯 6🔥 5🤔 5👌 4😨 4👀 3
💰Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене басталды Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. 🟡183 адамға отбасының әр мүшесі үшін 100 мың теңгеден берілді. Бір отбасына орташа есеппен 600 мың теңгеден келеді. 🟡18 миллионнан астам теңге төленді, деп хабарлады әкімдік. 🟡Бұл төлемдер баспананы жалға алу, азық-түлік, киім сатып алу сияқты негізгі қажеттілікті жабуға арналған. 🟡Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек, жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен мал басын қалпына келтіруге қаражат қарастырылған. 🗣«Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім де мемлекет көмегінсіз қалмайды», – деді Құмар Ақсақалов. Dauletten
إظهار الكل...
👍 248👎 77 41👏 5🤯 4🤬 2
❗️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр 🟢Бүгін Президент Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. 📣Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады. Dauletten
إظهار الكل...
👍 184 22👏 19👎 15😁 12🙏 12🤬 3🤝 3🔥 1🤯 1
👩🏻‍🏫Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді Сәуірдің 1-нен бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. 🗣«Ашықтық пен есептіліктің болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жою жоспарлануда. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды», – дейді ҚР ОАМ Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева. Dauletten
إظهار الكل...
👍 381 48🤔 33👀 18🏆 12🤯 9🤗 8💋 6❤‍🔥 5🔥 4😁 4
  • 01:01
    Video unavailable
  • 01:18
    Video unavailable
😱Көлікпен қағып, өлімше етіп сабаған Әлеуметтік желіде Алматыдағы элиталық тұрғын үй күзетшісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. 📝«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция. 😓Адамдар не болып барады? Қоғам уақыт өткен сайын күрделі болып бара жатыр. Қатыгездік пен жауыздық тоқтамай тұр. Қиын, қиын. Аман болайықшы, адам болайықшы… Dauletten✅
إظهار الكل...
😱 353😭 232👍 75🤬 62 39🤯 18😢 8🤔 3